astana-view

Нәтиже – 100 млрд теңгеден асады

2016 жылғы 22 Сәуір
- Павлодар облысы
12652 просмотров

Аталмыш уағдаластықтарға Өңірлік кәсіпкерлер палатасы мен  Павлодар облыстық әкімдігі бірлесіп өткізген өңірдің жүйеқұрушы кәсіпорындарымен және тауар өндірушілерімен  жергілікті құрамды ұлғайту мәселесі жөніндегі мәжілістердің қорытындылары негізінде қол жетті.   

Кездесулер барысында B2B форматындағы бизнес ынтымақтастықтың барынша пайдалы жолдарын талқылаудың сәті түсті, шағын және орта бизнес өкілдері өз өндірісін таныстырудың айрықша мүмкіндігіне ие болып, өз өнімдеріне өткізу нарығын тапты.

«Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Үкіметі бизнеске баса назар аударып отыр. Дағдарысқа қарсы іс-қимыл жоспары әзірленіп, бекітілген. Әлемдік нарықтағы қазіргі жағдаят ірі кәсіпорындарға ғана емес, сонымен бірге шағын және орта бизнеске де әсер етіп отырғаны рас. Сол себепті келісім-шарттар жасасу аясында жергілікті тауар өндірушілердің өндірістік қуаттарын толтыруға күш салу қажет», – деді Павлодар облысы әкімінің орынбасары Николай Дычко.

Облыстық кәсіпкерлер палатасы өткен жылдан бері басым міндеттер аясында өңірдің ірі кәсіпорындарымен ынтымақтастық туралы бірқатар меморандумдар жасады, бұл да жергілікті бизнесті қолдауға бағытталған.

«Павлодар облысы еліміздің өнеркәсіп орталығы болып табылады. Мұнда ірі өнеркәсіп нысандары шоғырланған. Сонымен бірге өңірде шағын және орта бизнес өкілдері де аз емес. Біз, Кәсіпкерлер палатасы ретінде, ірі бизнестің ШОБ-пен тиімді іс-қимыл жасауын қамтамасыз етуге міндеттіміз. Бұл отандық тауар өндірушілерді қолдау аясында да маңызды міндет саналады», – деп атап көрсетті облыстық палата директоры Серік Байсейітов.

Мәжіліске қатысушылардың бірі, «ZUVER Technologie» ЖШС директоры  Арнұр Нұрғалиевтің айтуынша, сұхбаттасу алаңдарының құрылуы жаңа бастаған бизнестің алдынан үлкен мүмкіндіктер ашып бере алады.

«Біздің кәсіпорнымыздың негізі 2014 жылы қаланды. Құрылған сәттен бастап құрылыс саласында заманауи материалдар мен технологияларды енгізу бойынша қызмет көрсетеміз, халықаралық көрмелер мен форумдарға белсене қатысамыз. Осындай кездесулердің пайдасы өте зор. Бұл өз ісіңді таныстырудың мүмкіндігі, сондай-ақ, жаңа бизнес-серіктестерді табудың бір жолы», – деді кәсіпкер. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер