astana-view

Тай елінің кәсіпкерлері Қазақстанда заманауи технологияны дамытқысы келеді

2016 жылғы 25 Сәуір
- Алматы қаласы
10500 просмотров

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының Іскер әйелдер кеңесі және Тайвань сыртқы сауданы дамыту кеңесі екі ел кәсіпкерлерінің іскерлік кездесуін ұйымдастырды.

Тайвань делегациясының басты мақсаты – Қазақстанның кәсіпкерлерімен іскерлік байланыс орнату, оның ішінде бірлескен кәсіпорын ашу, инвестиция салу, Қазақстан мен Орталық Азия елдеріне дистрибуция жасау, тауарды көтерме және бөлшектеп сату үшін делдалсыз, тікелей өндірушіден алуды жолға қою. 

Тайвань делегациясын 30-дан аса ірі халықаралық компаниялар бастап келді. Олардың арасында автокөлік бөлшектерін, аксессуарларын, құрылыс, медицина, энергетика саласының құрылғыларын, құрылыс заттарын, спорт индустриясына керекті жабдықтарды, баспа  тауарлар, балаға қажетті заттар, бала күтіміне тиісті заттар, медициналық құрылғылар, IT  және байланыс саласының тауарлары (трансформатор, транзистор, LED-экран, тораптық құрылғы, адаптер, USB-жинақтаушылар, төлем жүргізетін терминалдар), және т.б. шығаратын компаниялар бар. Қазақстанның жүзден аса кәсіпкері кездесуге құлық танытты.

«Біз қазір туризм саласында жұмыс істеп жатырмыз, бұл саланы мемлекет жіті бақылап отыр. Автоүйлерге арналған қосалқы станция шығарамыз, оның ішінде караванинг құрамына кіретіндері де бар. Біздің құрылғы көлік-үйлердегі тұрмыстық техника мен электр қуатын толықтырып тұруға арналған, мұндай құрылғының баламасын Қазақстаннан да, ТМД елдерінен де таппайсыздар. Біз тайваньдық кәсіпкерлермен осы өнімді шығаруға жетіспей тұрған бөлшектерді жеткізіп беру туралы келіссөз жүргіздік. Бұл басқосу қазақстандық кәсіпкерлер үшін аса пайдалы әрі дер кезіндегі кездесу», – дейді Silk Road camps ЖШС директоры Азамат Кенжалиев.

«Тайвань біздер үшін жаңа көкжиек. Олар үшін ең алдымен Қазақстандағы жоғары технологияның дамуы, болаттан жасалған жабдықтар мен бөлшектер, химия өндірісі маңызды екен. Бүгін келген қонақтардың дені біздің нарықты егжей-тегжейлі зерттеуге құлшыныс білдіріп, ортақ жобаларды бастап кетуге ынталы. «ПИТ» Алатау арнаулы экономикалық аймаққа ерекше қызығушылық танытып жатыр, өйткені онда ІТ компанияларға салықтық жеңілдіктер мен преференция ойластырылған. Тайваньда әйелдер ісі де тамаша дамыған. Олардың әйелдері аса белсенді, жаңашылдыққа толы ұсыныстар айтып жатыр, бүгін біз тайваньдық іскер-ханымдармен өтетін кездесуіміз де сәтті өтер деп үміттенеміз», – деп хабарлады Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының Іскер әйелдер кеңесінің төрайымының орынбасары Ақеркін Ералиева.

Бұл шараға Тайвань сыртқы сауданы дамыту кеңесінің директоры Артур Сан, «КазнексИнвесттің» Алматыдағы өкілдігінің директоры Сәбит Нарбаев, Қазақстан құрылыс заттары өндірісі қауымдастығының президенті Марал Томпиев, салалық қауымдастық өкілдері мен компаниялардың басшылары қатысты. Халықаралық серістестікке қызыққан кәсіпкерлерге Алматыдағы кәсіпкерлер палатасының жанынан құрылған кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарында тауарды кедендік тіркеуден өткізу, жүкті тасымалдау, логистика бойынша, компанияны қалай ашу керектігін, ортақ кәсіпорынды құру бойынша құқықтық жауаптар, салық есебін жүргізу, маркетинг бойынша сауалдарға жауаптар, оған қоса іскерлік жоспарлар құру, оларды ары қарай сабақтастыратын жобалар бойынша тегін қызмет көрсетілді.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер