astana-view

Қазандықтың көлемі кедергі емес

2016 жылғы 26 Сәуір
- Шығыс Қазақстан облысы
7696 просмотров

ӨКП жауапсыздығы үшін қара тізімге түскен кәсіпкерге көмектесіп, шығынын қайтарып берді

Былтырғы желтоқсан айынан бастап ШҚО кәсіпкерлер палатасының сарапшылары жеке кәсіпкер Марат Ысқақовқа Зырян аудандық әкімдігіне қарасты тұрғылықты мекен-жайы жоқ адамдарға көмек көрсететін Әлеуметтік бейімдеу орталығымен арадағы кикілжіңге байланысты құқықтық көмек көрсетіп жатыр.

2015 жылдың шілдесінде кәсіпкер мен Әлеуметтік бейімдеу орталығы арасында 2015 жылдың 31 тамызына дейін қуаты 144 кВт үлкен электрлі су жылытқыш қазандық орталығын орнатуға байланысты мемлекеттік сатып алу бойынша келісім-шарт болған.

«Мемлекеттік орган талабы дер кезінде орындалды. Біз барлық талап етілген нормаға сәйкес техникалық өлшемдері нақты екенін көрсететін тәуелсіз сараптама жасатсақ та, оларды қазандықтың көлемі еш қанағаттандырмады» – дейді Марат Ысқақоов.

Оның айтуынша, қазандық жасайтын зауыт өкілдері келісімде көрсетілгендей қазандық түрі бүгінгі таңда өндірістен алынып тасталғанын растап, дәлелдеп отыр.

«Менің кәсіпкерлер палатасына шағымдануыма тура келді, себебі қазандықты ауыстыру деген жаңа қазандықты орнатуға тыйым салуды білдіреді. Орталыққа жазған хаттарымда қазандықты орнатып беруге мүмкіндік беруін өтініп едім, бірақ олар маған жоқ деді, әрі сотқа берді, оның артынан мені жауапсыз деп таныды», – деп жеке кәсіпкер ішкі келіспеушілігін білдірді.

Екі жақтың келісе алмауы соттасуға жеткізді. Әлеуметтік бейімдеу орталығы сотқа шағым түсірді де, Арнаулы ауданаралық экономикалық соттың шешімімен орталықтың шағымы оындалып, ЖК жауапсыз деп танылып, мемлекеттік сатып алуға қатыса алмайтын тізімге түседі. Алайда, ШҚО апелляциалық коллегиясының шешімімен арнаулы ауданаралық экономикалық соттың шешімі жоққа шығарылады.

Бірақ одан ары қарай Марат Ысқақовқа мемлекеттік сатып алуға қатысқан келісім-шартта көрсетілген шығын қаржысын өтеуге келгенде тағы да түйткіл шықты.

Зырян аудандық кәсіпкерлер құқын қорғау кеңесінің жиынында бұл мәселе жіті қаралып, Әлеуметтік бейімдеу орталығынан кәсіпкер жұмсаған қаржыны сотқа шағымдану арқылы өндіріп беру шешіміне тоқталды.

Сот ЖК шағымын қанағаттандырып, шығынын өтеп беретін шешім шығарды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер