astana-view

"Аралтұз" экспорт көлемін арттырып келеді

2014 жылғы 11 Наурыз
4839 просмотров

Сыр өңіріндегі іргелі кәсіпорнның бірі – "Аралтұз" зауыты жылдан-жылға экспорт көлемін арттырып келеді. Онда өткен жылы 138 мың тоннаға жуық тұз өндіріліп, елімізбен қатар жақын шет елдерге де экспортталды, деп хабарлайды Tengrinews.kzтілшісі.

Қазір кәсіпорын басшылығы 750-ден астам жергілікті тұрғынды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Инвестиция көлемі 2 миллиард теңгеге жетті. Тағы бір қуанышты жаңалық, биыл сәуір айынан бастап цех қызметкерлерінің еңбек ақысы 10 пайызға үстемеленетін болады. Өндірістегілердің 30 пайызын нәзік жандылар құрайды. "Аралтұз" АҚ вице-президенті Мұқан Мырзағұлов "Мемлекет басшысы барлық мекемеге жалақыны үстемелеуді тапсырды. Біздің оған шама-шарқымыз жетеді. Өндіріп отырған өнімімізге сұраныс бар. Техникаларды жаңаладық", - дейді.

Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, испан технологиясымен жабдықталған жаңа зауыттың қуаттылығы орасан. Жыл басынан бері 22 мың тоннадан астам тұз өндірілсе, оның 13 мың тоннасы ас тұзы саналады. Қалғаны техникалық және басқа бағытта дайындалады. Тоқсан жылға жуық тарихы бар "Аралтұз" акционерлік қоғамының өнімі Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан секілді шет мемлекеттерге экспортталады. Алдағы уақытта Сауд Арабиясы, Жапония, Қытай елдерімен байланыс орнату жоспарда бар. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер