astana-view

«Алтын сапа»: өтінімдер 1 шілдеге дейін қабылданады

2016 жылғы 27 Сәуір
8415 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Алтын сапа» ҚР Президентінің сыйлығынан үміткерлер байқауы және «Қазақстанның үздік тауары» байқау-көрмесі туралы хабарлайды

11 жыл бойы өткізіліп отырған байқауға Қазақстан Республикасы аумағында тауар өндірумен және қызмет көрсетумен (қару-жарақ және әскери техника өндіруді қоспағанда) айналысатын жеке кәсіпкерлер де, заңды тұлғалар да қатыса алады.

Оларға мемлекеттің қатысу үлесі 50%-дан артық болатын, сонымен бірге, қалпына келтіруге өтінім берген немесе банкрот деп танылған ұйымдар ғана  қатыса алмайды.

Байқауларға қатысуға ниет білдіргендер Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен «Алтын сапа» Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығынан үміткерлер байқауы мен «Қазақстанның үздік тауары» республикалық байқау-көрмесіне қатысушыларға арналған ережеге сәйкес ресімделген өтінімдерді,  материалдарды (есеп берулер), ұсыныстар және алдын ала бағалаудан өткен  материалдарды  2016 жылдың 1 шілдесіне дейін өткізу қажет.

Толығырақ ақпаратпен  www.altynsapa.kz сайты арқылы танысуға болады.

Байқауларға қатысу мәселелері жөнінде мына телефон арқылы байланысқа шығуға болады: 8 (7172) 91-93-00

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер