astana-view

ЭКСПО Қазақстанның барлық жетістігін көрсетуі керек

2016 жылғы 27 Сәуір
9082 просмотров

Елбасы облыс әкімдеріне өңірлердегі әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу бойынша Астанадан үлгі алуға шақырды

Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша елдегі өңірлер арасында Астананың жалпы өнім өсімінің темпі 5%-ға жетті, сол арқылы бүкіл Қазақстанның экономикасын 2015 жылы 40%-ға ілгерілетті. Мұны ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада өтетін халықаралық көрмеге дайындық мәселелеріне қатысты жиынға қатысқан кезінде атап айтты.

«Инвестиция тарту бойынша біршама жұмыстар атқарылған. Астана болғалы бері қалаға салынған инвестиция үлесі 6 трлн теңгеге жеткен. Байқап отырған шығарсыздар, бұл аз ақша емес. Оның 2 трлн теңгесі мемлекеттік бюджеттен бөлінді. Алайда, салықтан түскен қаржыдан қазынаға 4 трлн теңге қайтарылды», – деді Н.Назарбаев.

Елбасы астананы дамыту «мемлекет жүргізген аса бір пайдалы жоба болғанын» атап өтті.

«Мемлекеттік шығын екі есе болып қайтқанын көріп отырсыздар. Астана алғаш рет мемлекет бюджетіне донор болып отыр. 900 млрд теңге табыс түскен. Оның 75%-ы қаланың тең жартысын жұмыспен қамтамасыз етіп отырған шағын және орта кәсіпкерлік нысандардан түскен», – деді Қазақстан Президенті.

Одан бөлек Елбасы Астанада 2015 жылдың қорытындысы бойынша 18 мың жұмыс орны ашылғанын айтты. Астанамызда «жұмыссыздардың көрсеткіші ең төменгі орында – 4,7%, ең жоғары өмір сүру жасы – 74,9 жыл, қаладағы жалақы деңгейі 190 мың теңгеден кем емес».

«Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлауға Астана жақсы нәтижемен келе жатыр», – деп түйіндеді сөзін Қазақстан Президенті. 

«Қазір мені әр облыстың әкімі естіді, олар осы мәселеге назар аударсын, – деп тапсырды Нұрсұлтан Назарбаев, – ЭКСПО – 2017 тәуелсіз Қазақстанның барлық жетістігін қалдырмай көрсетуі тиіс» деп шегеледі.

 Жанар Сердалина


Еншілес ұйымдар

Серіктестер