astana-view

Сен қоғамға керексің!

2016 жылғы 28 Сәуір
- Батыс Қазақстан облысы
11002 просмотров

Кәсіпкерлер палатасы сотталғандарды жұмысқа орналастыруға қатысты қазіргі жүйеге өзгерістер енгізуді ұсынып отыр 

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының «Колониядағы жұмыспен қамту-2017» форумында «Сен қоғамға керексің!» атты ұранмен, бұрын істі болып, жазасын өтеп шыққан адамдарды әлеуметке қайта сіңістіру шаралары аясында айтылды.

Форумды Кәсіпкерлер палатасы БҚО прокуратурасымен бірлесіп ұйымдастырды. Форумның басты мақсаты – сотталып келгендердің баяғыша өмір сүру қалыбына оралуына көмектесу, оларға әлеуметтік-құқықтық қолдау көрсету, жұмысқа тұруына жағдай жасау. 

«Қылмыстық-түзету жүйесінің өндірісі моральдық тұрғыда да, физиологиялық тұрғыда да әбден ескірген, қазіргі заманауи талаптарға жауап бере алмайды, көп бөлігі бұзылу алдында тұр, ескірген, оларды пайдалану мүмкін емес, модернизация жасау да бекер, – дейді Өңірлік кәсіпкерлер палатасының бизнесті құқықтық қорғау бөлімінің бастығы Мағрипа Нигишева. – Бұл базаларды жаңа құрылығылармен қамтамасыз етудің мағынасы жоқ, қазіргі қалпында олардың ешкімге пайдасы тие қоймайды».

Мағрипа Нигишева кәсіпкерлердің түзету мекемелерінде еңбек ету жағдайын жасауға күмәнмен қарайтынын айтты. Оның айтуынша, бос нарық сотталғандардың ұсынатын тауары мен қызметіне үркіп қарайды, мүмкін болса, сотталғандармен араласпауға тырысады, тіпті бірдеңе сатып алудан басын алып қашатындар бар.  

«Сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру тетігі жұмыс істейді, тек сотталғандарды қолдау үшін жаңадан әкімшілік және құқықтық көмек керек», – деп қосты М.Нигишева.  

Форумда түзету колонияларындағы еңбекпен қамту процесіне ӨКП-ны араластырмай-ақ, оны сол мекеменің басшылығына жүктеген дұрыс болар еді деген ұсыныстар айтылды. Бұл мекеменің екіжақты болып сансырамай, біржақты еңбек жағдайын жасауына ыңғайлы болар еді дейді форумға қатысушылар. Сонда сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру жауапкершілігін нақты мойнына сол мекеменің басшылығы алатын болады. «Бұл қылмыстық түзету мекемелерін шаруашылық нысанына айналдыруға мүмкіндік тудырып, ӨКП өз басқармасында соны бақылайтын адамдарды ұстау шығынын кемітеді, – деген ұсыныстар форумда айтылып жатты. – Оған қоса қазіргі заңнамаға өзгерістер енгізіп, сотталғандардың оқыған-оқымағандығына қарамастан бір кәсіпті меңгеруін міндетті етер еді». 

Сотталғандардың еңбегін Еңбек кодексімен қорғау керектігі айтылды.

Форумның қорытындысында арнаулы комиссия құру керектігі, оның құрамына өңірдің бизнес-қоғамдастық өкілдері, ӨКП, аккредиттеуден өткен бизнес-қауымдастықтар, Ұжымдық әлеуметтік жауапкершілік мүшелері, жергілікті атқарушы орган басшылары, білім басқармасының басшылары, денсаулық сақтау басқармасы, әлеуметтік даму басқармасы, үкіметтік емес ұйымдар, құқық қорғау ұйымдарының өкілдері кіреді.

Сонымен қатар, сотталғандардың әлеуметтену шаралары бойынша арнаулы жоспар бекітілмек.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер