astana-view

Қазақстанда жасалып, Омбыда сатылады

2016 жылғы 29 Сәуір
9307 просмотров

Қазақстандық 20 тауар өндіруші омбылықтарға өз өнімдерін ұсынды

Қазақстандық іскерлік топ отандық өнімді Ресей нарығында ілгерілету және таныту мақсатында Омбы облысына барды

Бизнес-миссияны Қазақстанның Сыртқы Сауда палатасы «KAZNEX INVEST» АҚ-мен, ҚР РФ-дағы Елшілігімен, Қазақстанның Омбыдағы консулдығы және Омбы облысы үкіметімен бірлесе отырып ұйымдастырды.

Іскерлік миссия барысында агроөнеркәсіптік кешен, тағам, құрылыс, химия және қораптау саласындағы 20 қазақстандық өндіруші өздерінің өндірістік мүмкіндіктерін көрсетті.

Губернатор, Омбы облысы үкіметінің төрағасы Виктор Назаровпен кездесу барысында Қазақстан ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев екі тарап та сауда-экономикалық қатынастарды тереңдетуге, бизнесті, оның ішінде ауыл шаруашылығы секілді басым саланы дамытуға жәрдем беруге ұмтылып отырғанын жеткізді.

«Қазақстан ірі аграрлық ел болып саналады. Сала толығымен нарықтық басқару үлгісіне ауысқан, бұл оны инвесторлар үшін тартымды етіп отыр. Жақсы бастамалар бар, біз оларды Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы бірігу үрдісінде жеделдетуіміз қажет. Кездесулердің, пікірлесу алаңдарының түрлі форматын дамыту қажет», – деді қазақстандық делегация басшысы.

Ынтымақтастықтың тағы бір перспективті бағыттарының бірі ретінде жәрмеңке аталды. Ауыл шаруашылығы вице-министрі бірлескен жекелеп сату жәрмеңкесін өткізу кестесін жасауды ұсынды.

Омбы облысының губернаторы В.Назаров жағымды тренд ретінде Омбы облысы мен Қазақстан арасындағы тиімді тауар айналымының, оның ішінде басым бөлікті алып отырған ауыл шаруашылығы мен өңдеу өнімдері көлемінің ұлғаюын атап отыр.

«Біз жаңа бірлескен кәсіпорындар ашуға және сауда қатынастарын дамытуға мүдделіміз. Біздің облыс ірі көлік дәліздері тоғысында орналасқан, сондықтан шекара аймағында өзара сауда ұйымдастыру үшін бірыңғай логистикалық орталық құру маңызды әрі перспективті бағыт саналады. Омбы облысының транзиттік әлеуетін жүзеге асыру – біздің басым міндеттеріміздің бірі», – деді В. Назаров.

Омбы облысының үкіметі қазақстандық өнімнің Омбы қаласындағы алғашқы жекелеп сату жәрмеңкесін биылғы жылдың шілде айының соңында өткізуді ұсынып отыр.

Солтүстік-Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Мұхтар Манкеев, Қазақстан-Қытай шекарасындағы «Қорғас ШЫХО» тәжірибесіне сүйеніп, шекара аймағында көлік-логистикалық орталық құру идеясын айтты.

Қазақстанның Сыртқы Сауда палатасы төрағасының орынбасары Салтанат Ақанованың айтуынша, бүгінде осы қарқынды жоғалтпай, екі елдің экспорттық әлеуетін дамыту маңызды болып отыр. Барлық жұмыстың желісі бірлескен кәсіпорындар, өндірістік кооперациялар құруға негізделуі қажет, оған ҚР мен РФ шекаралас өңірлері арасындағы ауылшаруашылық кешен және тағам өнеркәсібі саласындағы кооперация мысал бола алады. Оның хабарлауынша, Қазақстанның Сыртқы Сауда палатасы Қазақстан инвестициялық жобаларын бір реестрге біріктіріп, оны ресейлік серіктестерге ұсынуға дайын.

Омбы облысының экономика министрі Оксана Фадина болса, өз кезегінде, Қазақстанның инвестициялық жобаларын қарауға қызығушылығын танытты. Бизнес-миссия барысында қазақстандық кәсіпорындар Омбы облысының іскер ортасымен, ауыл шаруашылығы және азық-түлік, экономика, құрылыс және тұрғынүй-коммуналдық кешен мнистрліктерімен, Омбы облысы даму және инвестициялар агенттіктерімен келіссөздер жүргізді.

Екі келісімшартқа қол қойылды. Бірі – мейрамхана және кондитерлік жабдық жеткізілімі жөнінде «Крендель Экибастуз» ЖШС мен «Альфа-бизнес» ЖШҚ арасында, екіншісі Омбы және РФ өзге де өңірлеріне қымыз жеткізу турасында «Сағып» ЖШС мен «СибТранс» ЖШҚ арасында. В2В кездесулерінің қорытындылары бойынша, «Амангелді» ЖШС омбылық сауда дистрибьютерлік желілерімен жеміс-көкөніс өнімдерінің жеткізілімі жөніне келісімшартқа отыруға ниетті.

Қазақстан делегациясы Омбы облысының «МилкОм» ЖШҚ, «ДРУЖИНО өңірлік АгроОрталығы», «Кеуек материалдар комбинаты»,  «Жилье» тұрғын-үй құрылысын дамыту қоры» секілді бірқатар кәсіпорындарын аралады.

Кәсіпорындарға бару нәтижелері бойынша «Emireit» ЖШС «Дружино» өңірлік АгроОрталығына Қазақстан аумағында бірлескен кәсіпорын (жылыжай кешенін) құруды ұсынып, бұл жобаны қаржыландыруға дайын екенін жеткізді.

Сонымен бірге, қазақстандық делегация Қазақ тілі орталығының жұмысымен танысып, Қазақстанның Омбыдағы Консулдығында қазақ қауымымен кездесті.

 


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер