astana-view

Кәсіп иесі, «Алашқа» тіркел!

2016 жылғы 04 Мамыр
- Атырау облысы
17604 просмотров

Атырауда кәсіпкерлерге «Алаш» мәліметтер базасына тіркелуді үйрететін тегін тренинг өз жұмысын бастады

Өңірге белгілі «Рауан-Налко», «КазтурбоРемонт», «ЖігерМұнайСервис», «Өнерпаз» сынды 15 компанияның өкілі дәрістің алғашқы тыңдаушылары болды.

Еске сала кетейік, «Алаш» мәліметтер базасын мұнай-газ жобалары операторлары мен тауарды жеткізуші және қызмет көрсетушілер арасын тікелей байланыспен қамтамасыз етуші портал дайындап отыр. Бұл жүйе жергілікті компаниялардың тауарды сатып алуға қатысу процесін және мұнай-газ операторларының қызметін айтарлықтай жеңілдетеді деп күтілуде. «Алаш» жүйесі Қазақстанның ең ірі үш мұнай-газ операторын біріктіріп отыр. Олар – НКОК (Қашаған жобасы операторы), ТШО (Теңгіз жобасы операторы) және ҚПО (Қарашығанақ жобасы операторы). «Алгоритми КЗ» компаниясы аталған жүйеге өңдеу жұмыстарын жүргізді.

«Біз «Алаш» мәліметтер базасын жеткізушіге де, опреаторға да ыңғайлы етіп жасадық. Қазақстандағы кез келген жеткізуші www.alash-kz.com сайтына тегін тіркеле алады. Сол кезде ол бірден әлеуетті жеткізушілердің тізіміне енеді. Өз кезегінде, біздің жүйені пайдалана отырып үш оператордың ішінен тендер мен сатып алуды өткізуші кез келген компанияны таңдай алады», – дейді «Алгоритми КЗ» компаниясының маркетинг жөніндегі менеджері Бақытгүл Болатқали.

Бақытгүл Болатқалидың сөзіне қарағанда, «Алаш» мәліметтер базасына тіркелу қысқа уақытты ғана алады екен. Ол бірнеше сағатты, көп дегенде екі күнді қамтиды. Басты талап, қажетті құжаттар толық және дұрыс болса болғаны. Оны «Алгоритми КЗ» компаниясының мамандары тексереді. Одан ары жеткізушілерге жүйеге тіркелгендігін растайтын арнайы сертификат беріледі.

Сайттағы нұсқаулық қазақ, орыс және ағылшын тілінде берілген. Пайдаланушыларда сұрақ туындаған немесе техникалық қолдау керек болған жағдайда «Алгоритми КЗ» компаниясының операторларына жүгіне алады. Сондай-ақ, жүйеге тіркелу бойынша түйткілдер байқалса Атырау облыстық кәсіпкерлер палатасына хабарласа алады.

«Алашқа» тіркелген жеткізушілер интерактивті интерфейс  пайдаланушылар үшін өздеріне ыңғайлы жағдай жасай отырып ақпараттарды мезгілімен сала алады. Бүгінгі күннің өзінде жергілікті 44 және 14 шетелдік компания тіркеліп үлгерді.

«Мен «Алгоритми КЗ» компаниясына осындай порталды жасап шығарғаны үшін алғысымды білдіремін. «Алаш» жүйесінің арқасында сатып алуға қатысушы ірі операторлардың санын арттыра аламыз деп ойлаймын. Сонымен қоса, Атырау облыстық кәсіпкерлер палатасына аталған семинарды өткізуге қолғабыс еткені үшін рахмет айтқым келеді», – деп атап өтті «КазТурбоРемонт» ЖШС-ның өкілі Біржан Әбілов .

Тренинг бизнес субъектілерінің арасында өз жалғасын табатын болады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер