astana-view

Дана Жүнісова ҰКП Басқарма басшысы орынбасары болып тағайындалды

2016 жылғы 04 Мамыр
17240 просмотров

ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасының 2016 жылғы 3 мамырдағы шешіміне сәйкес, «Атамекен» ҚР ҰКП Төрағасы орынбасары, Басқарма мүшесі болып Жүнісова Дана Бейсеновна тағайындалды

Дана Жүнісова ЕАЭО, ДСҰ, кедендік әкімшілендіру, техникалық реттеу, өнеркәсіптік және инвестициялық саясат, сондай-ақ көлік саласына жетекшілік ететін болады.

31 жастағы Дана Жүнісова Целиноград қаласының (ред. – қазіргі Астана қ.) тумасы. Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша «экономист» маманы ретінде аяқтаған. Бүгінгі таңда Еуропа Университеті бағдарламасы бойынша Халықаралық бизнес академиясы магистранты. Дана Жүнісова өз қызмет жолын 2003 жылы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясында бас маман ретінде бастаған. Бұдан кейін ол «Астана-Финанс» АҚ-да бас менеджер, «2011 жылғы 7-ші қысқы Азия ойындарын ұйымдастыру комитетінің атқарушы дирекциясы» АҚ департаменті директоры қызметтерін атқарған.

2013 жылдан 2015 жылға дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының Тариф белгілеу департаменті директорының орынбасары, Экономикалық интеграция департаменті директорының орынбасары, Экономикалық интеграция директоры, Өнеркәсіптік және инвестициялық саясат департаментінің директоры қызметтерін атқарған.

2015 жылдың қазан айынан бастап бүгінге дейін «Атамекен» ҚР Палатасы Басқарма төрағасының орынбасары м.а., Экономикалық интеграция департаментінің директоры болған.

Д.Жүнісова Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттер басшыларының «Еуразиялық экономикалық одақты құруға қосқан үлесі үшін» II дәрежелі медалімен, сонымен бірге мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, бірлік пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталған. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімовтің «Экономикалық интеграцияны дамыту және Еуразиялық экономикалық одақты құруға қосқан үлесі үшін» Алғыс хатын иеленген. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер