astana-view

Жамбыл өлкесі несімен бай?

2016 жылғы 05 Мамыр
- Жамбыл облысы
12704 просмотров

Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасында Францияның Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Франсис Етьенге өңірдің инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды

Кездесуге Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының басшысы, Тараз қаласының әкімі Нұржан Календаров, басқарма басшылары, қаржы ұйымдары және облыс кәсіпкерлері қатысты. Ал Франция тарапынан Қазақстанда қызмет ететін ірі франциялық компаниялар, «Бизнес  Франс» француз бизнес-қауымдастығының директоры Лоран Дамас, Франция елшілігінің қызметкерлері, сондай-ақ, франция елшілігінің біздің облыстағы өкілі Сырым Адамбаев қатысты.

Облыстық Кәсіпкерлер палатасының директоры Қарлығаш Аралбекова облыстағы басым салаларды – туризм мен агроөнеркәсіптік кешенді ерекше атап өтті.

«Жақын күндері облысымызда Кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік картасын ұсынамыз. Бұл интернет-ресурстан Жамбыл облысының кәсіпкерлігі туралы барлық ақпаратты және жүзеге асыруға болатын жобалар туралы мәліметтерді алу инвесторлар үшін оңай болмақ», – дейді ол. Кәсіпкерлер палатасының директоры көтерме-таратушы логистикалық орталықтардың құрылысын бастау өткір мәселе екендігін айтты.

Жамбыл облысы кәсіпкерлерінің атынан Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы міндетін атқарушы Олжас Ағабеков инвестициялық жоба ұсынды. Одан бөлек, «Тараз» ӘКК» акционерлік қоғамы қонақтарға өз жобаларын  таныстырды.

Франсис Етьен: «Біз барлық жобалармен тынысып шығып, жарты жылдан кейін кәсіпкерлерге нақты ұсыныстарымызбен келетін боламыз, кәсіпкерлер өз идеяларымен немесе ұсыныстарымен елшіліктің облыстағы өкілі Сырым Адамбаевқа жүгіне алады», – деп сөзін қорытындылады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер