astana-view

Алынбайтын қамал жоқ!

2016 жылғы 06 Мамыр
10373 просмотров

Қазақстандық тауар өндірушілер өз жетістіктерін Астанада паш етуде

Бүгін palata.kz-тің тілшісі сатылымға әлі шығарылмаған қазақстандық шұлықтардың жаңа топтамасын тамашалауға мүмкіндік алды. Оның ерекшелігі мұнымен ғана шектелмейді. Ол сонымен қатар, ішкі нарықта өз орнын жаулап үлгерді. Оңтүстік кореялық инвесторлармен бірлесе ашылған шымкенттік кәсіпорын енді Ресей мен Еуропаға экспорт жасауды жоспарлап отыр.

Шұлық өнімдері KORE бренді аясында Шымкентте шығарылады. Оның үстіне кәсіпорын ерлерге, әйелдерге және балаларға арналған миллиондаған дана тауар шығаруға қауқарлы. Бұл туралы palata.kz-ке «Көрме» бизнес-орталығында ашылған «Қазақстанда жасалған» атты көрменің ұйымдастырушылары айтып берді. Көрмеге экономиканың әлеуетті салаларында жұмыс істеп жатқан, мемлекет тарапынан қаржылай көмек алған кәсіпорындар қатысуда.

Көрмеге 300-дей аталымдағы қазақстандық тауарлар қойылған: төсек-орын тысы, балалар киімі, әйелдерге және ерлерге арналған сырт киімдер, сондай-ақ автомобиль аккумуляторлары, тауар қаптайтын өнімдер. Сұйық май, салқын сусындар, шұжықтар мен нан өнімдері сияқы азық-түліктер де қойылыпты. Құрылыс материалдары, көлік құралдары жекелеген павильондарды алып тұр.

Бұл көрмеге астаналықтар әрдайым қызығушылық танытады. Кәсіпкерлерге делдалсыз тікелей тауар жеткізушілер тауып, жаңа тауар түрлерімен танысуға мүмкіндік туады. Қарапайым халық та шет қалмай, сөрелердегі тауарларды таласа сатып алуға тырысады. Мұнда мәселе тауарлық патриотизмге қатысты ғана емес, сонымен қатар, қазақстандық өндірушілер жылдан жылға тауардың сапасын арттырып, түрін көбейтіп келеді. Қазақстандық өнімдер импорттық баламаларынан еш кем емес, кейбір тұстарда тіпті асып түседі.

Жанар Сердалина       

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер