astana-view

Жеңіс үшін зор алғыс!

2016 жылғы 06 Мамыр
- Алматы қаласы
9959 просмотров

Алматы кәсіпкерлер палатасы Ұлы Отан соғысы ардагерлерін келе жатқан мерекелерімен құттықтады

Мейрам қарсаңында Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасы ардагерлерге қолдау көрсетті.

Өңірлік палатаға қызметіне көмек көрсетуді сұрап, жеке кәсіпкер Елена Иолшина хабарласқан. Егде жастағы әйел киім-кешек (халаттар, алжапқыштар, сүлгілер) тігетін шағын кәсіпорынның басшысы және сонымен бірге Ұлы Отан соғысының ардагері болып шықты.

«Бұған дейін бізде тапсырыстарға қатысты проблемалар болған емес, – дейді  Елена Михайловна. – Біз өз өнімдерімізді көпке белгілі «Ақсай-нан» нан-тоқаш комбинатына өткізіп жүрдік. Осы таяуда ғана компания бізбен келісім-шартты бұзды, бірақ қол қусырып отыруға және оның үстіне құрамы тек ардагерлерден тұратын  ұжымды таратуға менің моральдық құқығым жоқ. Тұрақты әріптестер тапсақ, өте жақсы болар еді».

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының қолдауымен бірнеше күн ішінде «Иолшина» ЖК мен «Медеу коммерц» ЖШС келісім-шарт жасасты. Бұл компания арнаулы жұмыс киіміне тапсырыс беруге дайын.

«Бұл ел үшін, ал егде жастағы адамдар үшін тіпті қиын уақытта орасан зор көмек болды. Біздің бүкіл ұжымның атынан Кәсіпкерлер палатасына алғыс білдіремін. Көмек осылай жылдам көрсетіле қояды деп тіпті де күтпедім. Юрий Жұмабайұлы, Сізге және сіздің қызметкерлерге денсаулық, жұмыста табыстар тілеймін», – деп алғыс айтты Елена Иолшина.  

Өз кезегінде, Алматы Кәсіпкерлер палатасының ұжымы қаланың Алмалы ауданының ардагерлеріне азық-түлік заттарын сыйлады, оған бірінші кезекте қажетті тауарлар енді.

«Кәсіпкерлер қатарынан біздің қымбатты ардагерлерімізді, майдангерлер мен  тыл еңбеккерлерін көруге қуаныштымыз. Егде тартқан жастарына қарамастан, олардың кейбірі құлшыныс пен өмірлік күш-қуатқа толы. Алматы Кәсіпкерлер палатасының ұжымы қазақстандықтарды Ұлы Жеңіс мерекесімен шын жүректен құттықтайды, әрине, біз алдағы уақытта да іскер ардагерлерімізге қолдан келетін көмекті аямаймыз», – деді өз құттықтауында Алматы ӨКП директоры Юрий Тілеумұратов.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер