astana-view

Мейрам - біздің жүрегімізде

2016 жылғы 06 Мамыр
- Батыс Қазақстан облысы
9333 просмотров

Ұлы Отан соғысы мерекесі қарсаңында Батыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасы филиалының Іскер әйелдер кеңесі Бұрлы ауданының Ұлы Отан соғысы ардагерлерін құттықтады

Олар майдангер Николай Дондиик, Михаил Костенко және Михаил Панченконың отбасында қонақта болды. Надежда Молчанова, Әлия Достанова, Сағира Шаимбетова сынды кеңес мүшелері майдангерлерді құттықтап, жеміс толған себет пен естелік сыйлықтарын тарту етті.

Кеңес төрағасы Надежда Молчанова алғашқы ардагерге бас сұққанда: «Біз ерлігіңіз, ауыр еңбегіңіз, Отан мен еркіндік үшін күрескеніңіз үшін сізге зор алғысымызды білдіреміз. Бұл күнді жүрегімізге мәңгі сақтаймыз және оның құндылығын сөзбен жеткізе алмаймыз. Бүгін сіз әкелген Жеңіске алғыс білдіреміз. Осы заманның жастары мен болашақ ұрпақ бұл күнді құрмет тұтқанын қалар едік. Сіздің ерлігіңізді ел ұмытпасын деп тілейміз», деп алғысын жеткізді.

Ардагерлер соғыс жылдарындағы естеліктерімен бөлісіп, соғыстан кейінгі заман көшін әңгімелеп берді. Михаил Панченко Белоруссияда соғысып, Солтүстік Украинаны, Польшаны азат еткен. Ал, Николай Дондик батыс Еуропаны қорғап, Михаил Костенко Қара теңіз флотында борышын өтеген. Олардың барлығы майданға аттанғанда 16-17 жаста болған және алғашқы өмір сабағын соғыстан алған. Бұл сынақ батыл, рухты, азаматтығы жоғары және өз Отанын сүйетін жандардың мойнына артылып, оның бір бөлігі біздің майдангерлерге жүктелген.


 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер