astana-view

Ақтөбеде 27 АӨК бар

2016 жылғы 06 Мамыр
- Ақтөбе облысы
7213 просмотров

Ақтөбе облыстық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен облыста 27 өндірістік кооператив құрылды

Бұл туралы ӨКП агроөнеркәсіп кешені бөлімінің бастығы Сағынғазы Құрманалин palata.kz сайтына хабарлады.

Естеріңізге сала кетсек, өткен жылдың қазанында кооператив мүшелерінің қызметін, олардың ортақ мүліктерін қорғау және басқа да мүдделерін үйлестіру мақсатында құрылған ауыл шаруашылығы кооперативтері мүшелерінің құқықтық мәртебесі, құқықтары мен міндеттерін анықтайтын «Ауыл шаруашлығы кооперативі туралы» Заң қабылданған болатын.

Заңда асыл тұқымды жеке малшаруашылықтарын тарта отырып, ет өндіретін ауылшаруашылық кооперативтерін құру бағадарламалары қарастырылған. Сол күннен бастап,  облыстық палатаның филиалдары Заңды түсіндіру жұмыстарын бастап кетті.

«Ақтөбе облыстық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен ет, сүт және картоп өнімдерін өндіретін 26 кооператив әділетті органдарға тіркелді. Бұл кооперативтерге 35 шаруа қожалығы, 3 жеке кәсіпкер және 888 жеке шаруа бірігіп отыр. Тұтастай алғанда, АӨК-ға 3870 ірі асыл тұқымды мал мен 59 ауылшаруашылық техникасы жұмылдырылды», – деп атап өтті Сағынғазы Құрманалин.

АӨК арасында Баған ауданы көш бастап келеді, онда 5 кооператив құрылған. Ал, Алғын ауданында шаруалар бірігіп, барлығы 4 АӨК құрып отыр. 

Сонымен қатар, әділет органында тағы да 3 АӨК-ның құжаты қарастырылуда. Сондай-ақ, ҚР «Ауылшаруашылығы кооперативтері туралы» Заңының 42 бабына сәйкес 12 тұтынушы кооперативтің жетекшілерімен өндіруші ретінде қайта тіркелуге келіссөздер жүргізілуде. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер