astana-view

Министрлер кабинетінің құрамы жаңарды

2016 жылғы 06 Мамыр
8609 просмотров

Қазақстан Үкіметінде кадрлық ауыс-түйістер болды

ҚР Ұлттық экономика министрі болып бұған дейін «Бәйтерек» Ұлттық басқарма холдингі» АҚ басқарған Қуандық Уәлиханұлы Бишімбаев тағайындалды.

Қ.Бишімбаев Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша, 2001 жылы Дж. Вашингтон атындағы Университет (АҚШ) жанындағы Менеджмент және бизнес мектебін «Болашақ» бағдарламасы бойынша бітірген. Ол бизнес-басқару магистрі дәрежесіне ие. 2002 жылы М.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі қызметіне Асқар Исабекұлы Мырзахметов келді. Ол бұл қызметке тағайындалғанға дейін, 2015 жылдың тамызынан бастап «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған.

А.Мырзахметовтың ауылшаруашылық және экономикалық білімі бар. Ол ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты. 2009 жылдың наурыз айынан 2015 жылдың тамызына дейін, алты жыл бойы Оңтүстік Қазақстан облысын басқарған.

Жаңадан құрылған Ақпарат және коммуникациялар министрілігінің басына осыған дейінгі бес жылда Қазақстан Республикасы Президенті кеңесшісінің баспасөз хатшысы қызметін атқарып келген Дәурен Абаев басқаратын болды. Жаңа министр 2001 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетін аяқтап, 2014 жылы Еуразия гуманитарлық институтын бітірген. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер