astana-view

Бизнес жүргізудің жеңіл жолы

2016 жылғы 13 Мамыр
- Жетісу облысы
10246 просмотров

Кәсіпкерлерге бизнесін мобильді қосымшалар арқылы ілгерілету ұсынылуда

Талғат Абылаев – жас кәсіпкер. 2009 жылы «AlemMedia» компаниясының негізін қалады. Содан бері мультимедиа саласында қызмет көрсетумен айналасыды. Дыбыс жазатын студиясы бар, сайттар жасаумен, мобильді қосымшалар әзірлеумен, жарнамалық қызметпен айналысады. Өткен жылы шығармашылық топпен бірлесе отырып, Талдықорғанда алғаш рет «TINFO. Талдықорған Инфо. Алақандағы қала» мобильді қосымшасын әзірлеп шығарды. Қолданушылар аталмыш қосымшадан өңірдің ең соңғы жаңалықтарын біліп, өңірдегі компанияларды, ұйымдарды таба алады, өткізіліп жатқан акциялар туралы хабардар болып, интернет-дүкеннен тауар сатып алуына да болады. Талғаттың пікірінше, көптеген кәсіпкерлердің, өкінішке қарай, онлайн-жарнаманың артықшылықтарымен және бизнесті интернет арқылы ілгерілетумен танысарлық мүмкіндіктері болмаған.

«Көбінесе кәсіпкерлер бюджетке маркетинг пен жарнама үшін қомақты қаржы салады, алайда өз жарнама компаниясын интернет арқылы қалай ілгерілетуге болатындығы туралы білетіні шамалы немесе мүлде білмейді. Осылайша, заманауи жағдайдағы жоғары технологиялардың дамуымен кәсіпкерлер өз клиенттерінің максималды мүмкін аудиториясын қамти алмай отыр. «TINFO» мобильді қосымшасында кез келген кәсіпкердің  маркетингтік ақпараттар көлеміне қатысты өзін шектеместен, қолданыстағы барлық мүмкін жарнамалық өнімдерді – мәтін, фото, видео, байланыс нөмірлерді орналастыруына мүмкіндігі бар», – деп атап өтті Т.Абылаев.

Оған қоса, мобильді қосымшаның веб-нұсқасы да бар, яғни, «TINFO» парақшасындағы барлық мәліметтер міндетті түрде Google немесе Yandex секілді әйгілі іздестіру жүйелерінде жарияланады. Бұл клиенттердің қосымша трафигін береді, ал өзінің жеке сайты жоқ кәсіпкер мәліметтерін Интернет желісіне енгізуге мүмкіндік алады.

Осыған байланысты жас кәсіпкер Талдықорған өңірінің бизнес-қауымдастығына өз өнімдерін қолданушы аудиториясы ауқымды «TINFO» мобильді қосымшасы арқылы ілгерілетуді ұсынады. Ондаған мыңнан астам адам қосымшаны жүктеп алып, қолданып жүр. 300 кәсіпкер бұл қызметті пайдаланып үлгерді. Мобильді қосымша авторының айтуынша, компания мәліметтерін жариялау жылына бар-жоғы 6 мың теңге тұрады. Ал бизнесін жаңа бастап жатқандар мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін тіпті тегін.

Қосымшаны Google Play мен AppStore-дан жүктеуге болады:

ANDROID: https://play.google.com/store/apps/details?id=com.tinfo.app
IOS: https://appsto.re/kz/-8Br6.i
Веб-нұсқа мына мекен жайда: http://www.taldyk.info
Қосымша туралы толық ақпарат: http://app.taldyk.info


Еншілес ұйымдар

Серіктестер