astana-view

«Атамекен» бірқатар қызметтердің бизнестің қолына өткенін қалайды

2016 жылғы 17 Мамыр
8598 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасында бизнестің жекелеген мемлекеттік қызметтерді игеруге дайындығын бағалау тәсілі де ұсынылды

Мемлекетке тән емес қызметтерді бәсекелестік орта мен өзін-өзі реттейтін ұйымдарға беру мәселесі бүгін Мәжілістің Экономикалық  реформалар және өңірлік даму комитетінің кеңейтілген отырысының негізгі тақырыбы болды.

Бас спикерлердің бірі «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Рүстем Жүрсінов болды. Ол «қазір қандай да бір субъектінің дайын немесе дайын еместігі туралы күрделі сұраққа жауап беру оңай еместігін» атап өтті. ҰКП өкілінің пікірінше, бизнес пен мемлекеттің өзара табысты әрекетінің кепілі «эволюциялық, сараланған тәсіл» болмақ.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы – бүгінгі жүргізіліп отырған реформаның белсенді қатысушысы және кәсіпкерлердің мемлекеттік органдар қызметтерін сапалы жүзеге асыруына мүдделілердің бірі. Біздің ойымызша, қызметтер кезең-кезеңімен берілуі тиіс», – деп атап өтті Рүстем Жүрсінов бүгінгі Комитет отырысында. Сонымен бірге, ол «нарықтың дайындығына талдау жүргізу қызметті берудің маңызды кезеңі» екенін де айтып өтті.

«Мемлекеттік органдардың қызметтерін бәсекелестік ортаға негізсіз асығыс берудің тәуекелдерін азайту мақсатында «Атамекен» міндетті өзін-өзі реттеуді енгізгенде қолданылатын регуляторлық ықпал ету талдауына ұқсас талдау үлгісін ұсынды», – деп сөзін жалғады ҰКП басқарма төрағасының орынбасары.

«Атамекенде» үлгілік жүзеге асырудың басты шарты ретінде «кәсіпкердің талдау формасын міндетті толтыруы» деп санайды, ол талқылау мен талдау барысында алынған түрлі пікірлерді есепке ала отырып, беру тәсілін таңдаудың мақсатқа сәйкесігін анықтауға және бағалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, шығын мен табысқа, қызметтерді бизнеске берудің мемлекетке, тұтынушыға, сондай-ақ, мемлекеттің қызметтерін қабылдап алған кәсіпкерге тигізген әсеріне де талдау жүргізу маңызды.

«Үшіншіден, бәсекелестік орта анықтаған қызметті жүзеге асыру құнын мемлекеттік орган бакіткен құнмен салыстыру. Төртіншіден, қызметтерді жүзеге асырудың қазіргі жағдайының проблемаларын анықтау. Бесіншіден, бәсекелестік орта бекіткен мақсаттар мен мемлекеттік орган бекіткен мақсаттарды салыстыру, сондай-ақ, кейін қызметтерді берудің нәтижелерін бағалау», – деді Р.Жүрсінов.

«Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары жоғарыда аталған индикаторлардың барлығы бәсекелестік ортаның мемлекеттік қызметтерді сапалы орындауын бағалауға мүмкіндік беретіндігіне сенімді. Ал оны жүзеге асырудың тиімділігіне байланысты мемлекеттік басқаруды одан ары жетілдіру мәселесін қарауға мүмкіндік туады.

«Сонымен қатар, нарықтың дайындығына талдау жүргізу сапасы мемлекеттік органдардың өз қызметтерін түгендеу сапасына тәуелді болатындығын атап өту қажет. Кейін бәсекелестік орта жүргізген талдаумен салыстыру үшін оған мынандай ақпараттарға талдау жүргізу енгізілуі тиіс: қызметтің сипаттамасы, оны кім жүзеге асырады, қызметті жүзеге асыру құны, оның мақсаттары мен міндеттері», – деді ҰКП өкілі.

Рүстем Жүрсінов мемлекеттік қызметтерді берудің «бір реттік науқан» болмау қажеттігін қадап айтты. «Мемлекеттік органның өз қызметтерін түгендеуі мен нарықтың, яғни бизнес-ортаның дайындығына талдау жүргізу әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың өзгеруін есепке ала отырып, тұрақты түрде жүргізіліп тұруы маңызды», – деді ҰКП басқарма төрағасының орынбасары.

Жанар Сердалина


Еншілес ұйымдар

Серіктестер