astana-view

Экономиканы сұлулық құтқарады

2016 жылғы 17 Мамыр
- Қарағанды облысы
10756 просмотров

100 әйел – бұрын жұмыссыз отырған мен үй шаруасындағы әйелдер – көктемде көкөністердің таңдаулы тұқымдары мен 7 мың түп көшетті тегін алды, сондай-ақ бақша шаруашылығымен айналысу үшін агротехнологияларға қол жеткізуге мүмкіндік алды

Әлбетте, олар жаңа іске өз отбасыларының мүшелерін тартты, осылайша, шын мәнінде жұмыс орындары кем дегенде үш есе көп болып шықты.

Кез келген білікті бизнесмен өнім өндіру – бұл тек табыстың жартысы екенін біледі, ең маңыздысы – оны сату және пайда табу. Міне, осы жаңадан бастаған кәсіпкер әйелдердің басын ауыртатын бір нәрсе ғана: жақсы өнім өсіру. Күзде олар оны «Kz organic» компаниясына өткізеді, осы брендпен органикалық өнімдерді астананың ірі супермаркеттері қабылдауға дайын.

Осындай қомақты көрсеткіштерге қол жеткізуге ықпал еткен жоба – CocaCola компаниясының әлеуметтік бастамасы. Қанатқақты жоба Ақмола облысында іске асырылады. Таяуда қарағандылық өңірде де басталады. Әсіресе, Нұра, Осакаров және Бұқар жырау аудандарында көкөніс шаруашылығын дамытуды қолға алу өте өзекті болып отыр, олар Астананың азық-түлік белдеуіне кіреді.

Мәжіліс депутаттары, атқарушы билік органдары, іскерлік орта, ғылыми қоғамдастық, қоғамдық ұйымдар және әйел-кәсіпкерлер  өкілдері «Бизнес-әріптестік: ауылда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту жөніндегі үздік тәжірибе» атты дөңгелек үстел барысында «CocaCola белестері» жобасының тұсауын кесті.

«Органикалық өндіріс» деген не, жалпы неден бастау керек – осы және басқа да сауалдарға Астанадағы «Жасыл технологиялардың халықтық академиясы» Білімдерді тарату орталығы жауап береді. Оған қарағандылық фермерлерді тегін тағылымдамадан өтуге шақырды. «Жасыл» экономиканы және G-Global-ды  дамыту үшін коалициясы» ЗТБ Басқарма төрайымы  Салтанат Рахымбекованың айтуынша, орталықта 22 жаңа технология белсенді жұмыс істеуде, және де мұнда жылыжайдың 4 түрін көруге, нақты шаруашылық үшін қолайлы нұсқасын таңдап алу үшін олардың әрқайсысының мүмкіндігін бағалауға болады.

«Үлкен жылыжайдан бастау керек-міс деген пікір қате. Шын мәнінде 60 шаршы метр жеткілікті. Ал, бірнеше фермердің қандай да бір өнімді өндіруді ұйымдастыру үшін бірігуі, кооперациялануы одан да пайдалырақ», - дейді С. Рахымбекова.

Бұл тек көкөністерге ғана қатысты емес. Мысалы, Теміртауға таяу Ақтас ауылынан келген төрт баланың анасы үйде отыруға мәжбүр болғанын айтады, және де мал шаруашылығымен айналысқысы келеді. Бірақ, гранттың ақшасына сатып алуға болатын бір сиырмен бизнес жасай алмайсың. Ал, табын құрау үшін қомақты несие қажет, оны алу мүмкін еместігі тағы белгілі. Сарапшылар бұл әйелге өзі сияқты үй шаруасындағы әйелдермен бірігуді ұсынады, оларда бір-екі сиырдан бар, сөйтіп бірлесіп сүт өткізуге, қайта өңдеуге болады, біртіндеп ортақ бизнес дами береді.

Орталықтың ерекше бөлімі – энергия. Арнасай ауылы (Ақмола облысы, «Жасыл аңғар») – «жасыл» технологиялардың тиімділігінің көрнекті мысалы. Елді мекеннің 160-тан астам ауласы тамшылатып суаруды қолданады. Мектеп асханасындағы түскі ас бар болғаны 100 теңге тұрады, өйткені өнімнің бәрі жылыжайда өсіріледі. Электр энергиясының балама көздерін қолданудың арқасында жылына 1 200 000 теңге үнемделеді.

Оңтүстік Қазақстан облысынан келген Арзакүл Даңқұлова өз бизнесін 56 жасында бастаған. Ол «CocaCola Белестерi» бағдарламасы бойынша конкурсқа қатысуға онлайн-өтініш берді және өзінің таңқурай өсіруге арналған жобасын дамытуға грант ұтып алды. «Социальная динамика» Қоғамдық қорының директоры Елена Ожгоның айтуынша, бұның бәрі ғаламтордың көмегімен іске асырылды, грант берушілер жеңімпазбен тек марапаттау салтанатында ғана кездесті. Бұл қатысу рәсімдерінің соншалықты оңайлатылғанын және әйелдерге үйінен ұзап шығудың тіпті қажеті жоқ екенін көрсетеді.

Әйелдер кәсіпкерлігіне арналған халықаралық бағдарламаның маңызды элементі: бизнес-тренерлер ауылдарға шығады және тікелей жергілікті жерлерде оқытады. Үш жыл ішінде олар 60 ауылға барды, Ақмола және Алматы облыстарының 5000-ға жуық ауыл әйелдері «жасыл» бизнестің негіздерін және бизнес-жоспар құрастыруды үйренді. 21 әйел өз бизнесін іске асыруға және қолдауға ақшалай грант алды. Әйелдер жемістер мен көкөніс өсірумен, сүт өнімдерін өндірумен, сондай-ақ ойыншықтар, аксессуарлар, әшекейлер және т.б. жасаумен айналыса бастады.

Осы жылдан бастап жоба өңірлік Кәсіпкерлер палатасының және әкімдіктің қолдауымен біздің облыста да іске асырылмақ.

«Бір әйелді қолдау бүкіл отбасының өндіріске жұмылуын білдіреді. Мысалы, Арзакүлдің таңқурай плантациясында оның балалары, келіндері, немерелері еңбек етеді. Ауылды жерлерде бұл кеңінен таралған. Ал, «Coca-Cola Белестерi» бағдарламасы – жақсы мағынасындағы эгоистік жоба», - дейді Елена Ожго.

Егер, еліміз бойынша тұтастай алғанда ЖІӨ-нің 40%-ын әйелдер беріп отырса, Қарағанды облысында бұл көрсеткіш анағұрлым жоғары. Ал, бүгінгі үй шаруасындағы әйелдердің әлеуеті бұдан да биік. Сұлулық экономиканы құтқарады – бұл тіркес, айтпақшы, Дүниежүзілік банк сарапшыларының сөзі. Осы және басқа да қаржы және даму институттарының әйелдер кәсіпкерлігін қолдауы тегін емес. Теміртаулық Наталья Мошонкинаның және Абайдан келген Эльнара Сартбаеваның бизнесі гранттан бастау алды, ал қазір бұл келіншектер өз тауарларын «ЭКСПО-2017»-ге жеткізуге дайындалуда.

Бүгінгі таңда Қазақстанның және біздің облыс тұрғындарының нәзік жандыларының «Экспо-2017» бүкіл әлемдік көрмесінің жобаларына, экотуристік кластерді құруға, қолөнер кәсібін дамытуға, сондай-ақ «жасыл» экономика, органикалық өсімдік шаруашылығы іспетті маңызды бағыттарды құруға қатысуларына мүмкіншіліктері бар.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер