astana-view

«Атамекен» жер реформасы жөнінде фермерлер пікірін білмекші

2016 жылғы 19 Мамыр
8719 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері Қазақстанның әр өңірін аралап шықпақ

«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев бізге бір айдың ішінде барлық аудан орталықтарына барып, фермерлер, ауылшаруашылық тауар өндірушілерді жинап, олармен жер мәселесі туралы ойларын білуді тапсырды. Басқарма мүшелері, біздің барлық активтеріміз бұл іске қатысуы керек. Біз бизнес пікірін білуіміз қажет», – деді «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов.

Бұл кездесулердегі сұрау салу нәтижелерін Ұлттық палата басшылығы Жер комиссиясының төрағасы Бақытжан Сағынтаевқа тапсыратын болады. «Мен кеше онымен кездестім. Ол мені қолдады», – деп қосты Мырзахметов.

Оның айтуынша, барлығы 180 мың фермерді қамту көзделіп отыр. «Біз олардың пікіріне құлақ асамыз, заңды болады, оны жоғары жаққа жеткіземіз. Бізде осындай мүмкіндіктер бар. Келесі аптадан біз алдағы міндетіміз – өңірлерге сапарымызды бастаймыз. Егер баспасөз қызығушылық танытып жатса, мархабат», – деді  ҰКП Басқарма басшысы.

«Қойғымыз келіп отырған тағы бір сұрақ: бүгінде ауылда немен айналысуға болады? Ауылды қалай көркейтеміз? Олар қандай проблемалармен бетпе-бет келіп отыр? Қаражаттың, субсидияның, техниканың, білімнің жеткіліксіздігі. Осыларды жермен еңбек ететін адамдардан сұрайтын боламыз», – деді Абылай Мырзахметов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер