astana-view

Қазақстанның бизнес-омбудсмені жеке сайтын іске қосты

2016 жылғы 20 Мамыр
10324 просмотров

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің ресми сайты іске қосылды. Интернет-порталдың мекенжайы - www.ombudsmanbiz.kz

Ресурс, ең алдымен, Қазақстандағы бизнес-қоғамдастық қызметін жеңілдету үшін құрылды. Отандық кәсіпкерлер бұдан былай еліміздегі бизнес-климатты жақсарту жөніндегі идеялары мен ұсыныстарын омбудсменге портал арқылы тікелей жолдау мүмкіндігіне ие болып отыр.

Сайтта кәсіпкерлер құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің қызметі жайлы барлық қажет ақпарат, сондай-ақ Қазақстандағы бизнес-омбудсмен институтының қызметін реттемелейтін нормативтік құжаттар қойылған. Кез-келген тілек білдіруші өзіне қажет ақпаратты еркін таба алады, мысалы – уәкіл туралы, кәсіпкерлік қызмет саласындағы ағымдағы жаңалықтар, бизнес саласындағы заңнамаға жаңа енгізілімдер туралы ақпарат, өтініштермен жұмыс жасау тәртібі, өтініш формасы, мемлекеттік құрылымдармен және қоғамдық ұйымдармен өзара әрекеттестік туралы келісімдер, пайдалы сілтемелер және тағы басқалары.

Ендігі жерде Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілге оның блогына кіріп, интернет арқылы тікелей жүгінуге немесе «Өтініш жіберу» батырмасын баса отырып сауалыңды жолдауға болады.  

Сайттағы ақпарат және жаңалықтар үнемі жаңартылып тұрады. Сайттың кәсіпкерлер үшін пайдалы болатынына  сенімдіміз.

2016 жылғы 19 ақпанда Мемлекет басшының Өкімімен Палымбетов Болат Әбілқасымұлының Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл болып тағайындалғанын еске саламыз.

Укілдің негізгі міндеттері кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, мемлекеттік билік органдарының оларды сақтауын бақылауды жүзеге асыру, бизнес-қоғамдастықпен әрекеттестік, аталмыш саладағы мемлекеттік саясаттың қалыптасуына және іске асырылуына қатысу, елдегі бизнес-климаттың жақсаруына жердемдесу болып табылады.

Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес, бизнес-омбудсменге мынадай өкілеттіктер берілген: кәсіпкерлер құқығын бұзатын әрекетке барған (әрекетсіздік танытқан) мемлекеттік органдарға бұзылған құқықты қайта қалпына келтіруге арналған шараларға қатысты ұсыныстар, сондай-ақ заңға қосымша нормативтік құқықтық актілерді тоқтата тұру жөніндегі ұсыныстар жолдау.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер