astana-view

«Атамекен» ҰКП басшысы мемлекеттік органдарды бизнеске қысым жасамауға шақырды

2016 жылғы 25 Мамыр
9929 просмотров

«Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев және ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрі Талғат Донақов ынтымақтастық туралы Келісімге қол қойды

Аталмыш Келісімде көзделген ережелер бизнесті дамытуға кедергі болатын жүйелік проблемалар мен тосқауылдарды айқындауға, кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделері мен құқықтарын бұзуға жол бермеу жөніндегі шаралар қабылдауға  бағытталған.

Тимур Құлыбаев атап көрсеткендей, ҰКП жұмысының маңызды бағыттарының бірі – кәсіпкерлердің және  қандай да бір мемлекеттік органдардың іс-әрекетінен зардап шеккен бизнесмендердің құқықтарын қорғау. Екіншісі – нормативтік-құқықтық актілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамасын арттыру. «Кәсіпкерлердің шағымдарын талдау негізінде қазақстандық заңнаманың жүйелік проблемалары қазірдің өзінде анық белгілі болды. Бұл жер қатынастары, сәулет, салық қызметі мәселелері – олардың бәрі елдің аузында, және іс жүзінде де біз қай жерде кемістіктер бар екенін көріп жүрміз», – деді Тимур Құлыбаев.

Ол ҰКП әуел бастан сұхбаттасу алаңы ретінде құрылғанын еске салды. «Біз Қазақстанның бүкіл аймақтарынан, барлық салалық қауымдастықтардан, бизнес мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен қатынас жасайтын жерлердің бәрінен заңнаманы қолдану тәжірибесі жөнінде ақпарат аламыз», – деді Тимур Құлыбаев.

ҰКП басшысы кеңестердің сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылы бойынша және кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөнінде тиімді жұмыс істеп отырғанын атап айтты. Сондай-ақ, Қазақстанда бірінші рет кәсіпкерлердің құқықтары жөніндегі уәкіл институты пайда болды. Жаңа жүйе қолданыстағы бизнесті қорғау жүйесін басқаратын болады, оның бұл үшін барлық қажетті өкілеттіктері бар. Бас прокуратурамен пайдалы ынтымақтастық жолға қойылған.

«Қазір біз күрделі кезеңді бастан кешіп отырмыз, сондықтан бизнеске де қолдау қажет. Жалпы, егер біз жұмысты барлық бағыттар бойынша жүргізетін болсақ, бұл қолдау көрсетілетін болады. Әкімшілік қысымды төмендетіп, біз оларға мемлекеттік және квазимемлекеттік секторлар тарапынан сұранысты қамтамасыз етуге көмектесеміз, бұл қазақстандық бизнеске осы бір күрделі, қиын жылдардан қатты күйзелмей өтуге мүмкіндік береді. Бізде бизнеспен ынтымақтасу  үшін ҰКП түріндегі белсенді кеңістік және сіздің министрлік (Мемлекеттік қызмет істері министрлігі – авт.) сипатындағы  билік органы бар. Біз дұрыс жолда екендігімізге сенімдімін және осы бағытта бірігіп  тиімді жұмыс атқара аламыз», – деді Тимур Құлыбаев.

Ол: «Біздің міндетіміз – орталықта, жергілікті жерлерде нақты өмірде не болып жатқанын жүйелі түрде талдау», деп қосып өтті.  Қазақстанда дұрыс, бәсекеге қабілетті іскерлік ахуал қалыптасуы үшін кері байланыс негізінде қолданыстағы заңнамаға ұсыныстар енгізу. Осылайша, Мемлекет басшысы айтқандай, экономиканың әртараптандырылуын да, сондай-ақ жағымды көңіл-күй ауанын да, Қазақстанның бизнес-ортасында жұмыспен қамтылуды да қамтамасыз етеміз.

Анықтама: ҰКП мен өңірлік Кәсіпкерлер палаталарына бизнесті қорғау бағыты бойынша 12 мыңнан астам өтініш келіп түсті. Басым көпшілігі жер қатынастары, сәулет және құрылыс мәселелеріне қатысты – 20%-дан астам, салықтық қатынастар – 15%, сатып алулар – 10%. Өтініштердің  40%-ы бойынша оң нәтижеге қол жеткізілді, кәсіпкерлердің 33 млрд теңге сомасында мүліктік құқықтары қорғалды. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер