astana-view

Ресейлік «Пенетрон» АЭФ-тан құр қол қайтпады

2016 жылғы 27 Мамыр
8985 просмотров

Қазақстан елордасында өткен Астана экономикалық форумына қатысқан Свердловск бизнес-делегациясы елдеріне табыспен қайтты

Форум аясында Қазақстанның ішкі сауда алаңында екатеринбургтік кәсіпкерлер қазақстандық әлеуетті серіктестерімен кездесті. Астанаға құрылыс саласы және білім саласы бойынша маманданған кәсіпорындар келді.

Егер Қазақстан мен Свердловск облысының тауар айналымы туралы айтар болсақ, Свердловск үшін ішкі сауда серіктестерінің ТМД елдері ішіндегі ең ірісі Қазақстан болып отыр.

Бүгінгі таңда Қазақстанда свердловтық компания жобалары сәтті жүзеге асырылып келеді. Солардың бірі делегаттар құрамына енген, бас директоры Игорь Черноголов болып табылатын «Пенетрон» компаниясы.

2014 жылы АЭФ аясында еркін экономикалық аймағымен «Пенетрон» компания тобы бетонды гидрооқшаулау үшін химиялық қоспалар өндіру зауытын ашып, оған 2,5-3 млн АҚШ долларын құйды. Бүгінде «Пенетрон» өз жобаларын сәтті іске асырып, қазақстандық кәсіпорындармен іскерлік байланыстарын кеңейтіп келеді. АЭФ-2016 аясында болған В2В кездесуі кезінде қазақстандық Haller&Partner компаниясымен құрылыс саласындағы инвестициялық жобаларға «Пенетрон» компаниялар тобы ұсынған технологияларды пайдалану туралы ынтымақтастық келісім жасалды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер