astana-view

Келесі жылы инвесторлар ЭКСПО аумағында кездеседі

2016 жылғы 27 Мамыр
11229 просмотров

Шетел инвесторлары кеңесінің кезекті отырысы, «ЭКСПО-2017» көрмесі ашылған кезде өтетін болды

Мұндай ұсынысты Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Шетел инвесторлары кеңесінің пленарлық мәжілісі барысында жасады.

«ЭКСПО-2017» көрмесінің орнында болатын «Астана» халықаралық қаржы орталығы және «Болашақ энергиясы» тақырыптарын талқылап жатқандықтан, келесі отырысқа «Жаңа энергетика» деген атау қойып, оны тікелей көрме аумағында, ашылу сәтінде өткізуді ұсынамын», - деп ойын ортаға салды Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан үшін таяу арадағы он жылдық уақыттағы негізгі міндет, 30 дамыған ел қатарына кіру мақсатында, түбегейлі жаңа экономикалық даму үлгісін қалыптастыру» екенін атап өтті.

«Бізге жүйелі түрде шараларды қолға алған абзал және онымен айналысу үстіндеміз. Бәлкім, басым бөлігін жеке сала иеленетін адам капиталын дамытуды, елдің бәсекелестік артықшылығы ретінде барынша қолданып қалу қажет шығар. Бұл мәселе назарымызда», - деп тұжырымдады Елбасы.

Жанар Сердалина


Еншілес ұйымдар

Серіктестер