astana-view

Жаңа ауданның ескі түйткілдері

2016 жылғы 31 Мамыр
- Шымкент қаласы
12757 просмотров

Шымкент қаласы жаңадан құрылған ауданының бизнесмендері прокурорға өз проблемаларын айтты

Шымкент қаласы Қаратау ауданының прокуратурасы мен Кәсіпкерлер палатасы Ашық есік күнін өткізді

Шымкент қаласының Қаратау ауданы жақында ғана құрылған-ды, оның құрамына 210 мыңнан астам тұрғыны бар 34 елді мекен кірді. Тұрғындар арасында кәсіпкерлер де аз емес. Ашық есік күніне келген олар күнделікті өмірде кездесетін проблемаларын ортаға салды.

«Мен Қайнар-Бұлақ ауылында тұратын 20 отбасының атынан келдім, олардың барлығының проблемасы біреу, – дейді кәсіпкер Зәру Жақсылықова. – Ауыл шаруашылығына арналған жерлерді жеке тұрғын үй құрылысын салуға рәсімдей алмай отырмыз. Өз басым бұл мәселені 2006 жылдан бері шеше алмай келемін. Мәселен, мен сол аумақта салынған үйді сатып алып қойдым, көптен бері бизнеспен айналысқым келеді, яғни ауыл тұрғындарына арнап дүкен ашсам ба дегем. Құжаттар рәсімделмегендіктен, мұны істей алмай отырмын. Қала әкіне жолығу қиын, оған ешкімді жібермейді, сондықтан мен осында келдім, сіздердің маған көмектеріңіз тиеді деген үміттемін».

Ал Қарасу ауданы тұрғындарының өкілі бұдан өзге мәселені тілге тиек етті. Оның айтуынша, мал ұрлығы ауылда мал шаруашылығы кәсібін дөңгелетуге қол байлау боп отыр екен. Жергілікті полиция ұрыларды құрықтауға аса қызығушылық танытып отырмаса керек. Осы жайт аудан кәсіпкерлерінің ызасы келтіруде.

Сол күнгі шағымдардың басым бөлігі құқық қорғаушы органдардың әрекетсіздігіне қатысты болды. Бұл жағдай аудандағы бизнестің өркендеуіне кедергі келтіріп тұр.

Кәсіпкерлердің арыздарын Қарасай ауданының прокуроры Кәрім Әділдің жеке өзі қабылдады. Ол арыздармен егжей-тегжейлі танысып, заңнама аясында ондағы мәселелердің шешілуіне көмектесетіндігін айтты.

Кездесу барысында прокуратура өкілдері алға тартылған кәсіпкерлікке қатысты барлық мәселенің жауаптарын көп кешіктірмей беруге уәде етті. Ал Кәсіпкерлер палатасы, өз кезегінде, бұл процессті бақылауға алуға сөз берді.

«Біздің сарапшылар сіздерге тегін құқықтық көмек көрсетуге дайын, сіздердің проблемаларыңыз – біздің проблемаларымыз, сіздер үшін біздің есігіміз әрдайым ашық. Бізде бизнеске жедел көмек көрсететін телефон жұмыс істеп тұр. Сол арқылы сіздер бақылаушы және басқа да мемлекеттік органдардың заңсыз әрекеттері туралы хабарлай аласыздар», – деді ӨКП өкілі.

Тимур Нақыпбеков бизнесті қорғау бойынша Өңірлік палата атқарған жұмыстардың нәтижесін баян етті: 2016 жылдың төрт айының ішінде 313 өтініш келіп түскен. Бизнестің 538 миллионнан астам қаражатын үнемдепті. Өткен айдың өзінде ғана Палатаға 59 кәсіпкер өтініш білдіре келіп, құны 3,4 миллион теңге болатын негізсіз айыппұлдар мен үстеме ақылар төленбейтін болды.

Кәсіпкерлік субъектілерінен келіп түскен арыздардың басым бөлігі салық салу саласына (жалған кәсіпкерлік мәселелері) қатысты болған. Олар жалпы арыздың 23 пайызын құрайды, жер қатынастары саласына қатыстысы – 17 пайыз, логистика мен тасымалдау саласына қатыстысы 12 пайыз.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер