astana-view

Арнасай ауылындағы инновациялық бақшалар

2016 жылғы 06 Маусым
10748 просмотров

Агроеріктілер бағдарламасы ауылдарда экологиялық өнімдер өсіруге мүмкіндік бермек

«Арнасай – жасыл алқап» алғашқы экологиялық фестивалі аясында «Sana Aul» агроеріктілер тобын дамытуға арналған бағдарлама іске қосылып, ол бойынша Арнасай ауылының тұрғындарына жасыл технологияларды енгізу арқылы бақша салып берді.

Аталған шараны Sana Eurasia қоғамдық қоры, Қазақстан еріктілерінің альянсы және С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ ұйымдастырып отыр. Дәл осы агротехникалық университеттің студенттері алғашқы агроеріктілер тобын құрып, бізбен бірге елдің жасыл экономикасын дамытуға қарай қадам жасады. Бағдарлама Арнасай ауылының жекеменшік бақшаларына агроталшық, жабу материалдары және көшеттер секілді жаңа технологиялар енгізуді қарастырады.

Мұндай «жасыл» технологияларды енгізу мүмкіндігі бақша қожайындарының шаруашылықты жүргізуін айтарлықтай жеңілдетпек. Мысалы, агроталшық арамшөптердің өсуіне тосқауыл болып, жер ылғалдылығын ұзақ уақытқа сақтаса (конденсат түзіледі), ал гидрогель болса, көшеттерді жеті күнге дейін суармауға мүмкіндік береді. Барлық экоматериалдар төрт-бес жылға дейін тұрады, бұл да, бір жағынан, бағбандардың ақшасын үнемдеуге көмектеседі. Осылайша, бүгінде Арнасайда жер телімдерінің қожайындары болашақта астана сауда желілерінде сатылатын экологиялық таза өнімдер өсіріп отыр. Қазіргі таңда Арнасай ауылы шағын және ірі бастамаларды жүзеге асыратын орынға айналуда.

Бұдан былай да ауыл тұрғындарына бизнестің, ЖОО-ның, Кәсіпкерлер палатасының, ғылыми орталықтар мен қоғамдық ұйымдардың қолдауымен берілетін «жасыл» технологиялар тізімі толығып, географиясы артпақ, сонымен бірге еліміздегі агроеріктілер саны да көбейетін болады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер