astana-view

Мамандық таңдауда қателеспеген жөн

2016 жылғы 06 Маусым
- Ақмола облысы
11923 просмотров

Көкшетау қаласында таяуда ашылған Кәсіптік бағдарлау орталығының қабырғасында алғашқы оқу семинары өтті

Оның негізгі мақсаттары: оқушыларға оқу профилін және болашақ кәсіптік қызмет саласын таңдау процесінде кәсіби қолдау көрсету, мамандықты өзінің мүмкіндіктеріне, қабілеттеріне сәйкес және еңбек нарығының талаптарын ескере отырып айқындау. 

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының тікелей қатысуымен «Тігін өндірісі және киімді үлгілеу» мамандығының студенттеріне арнап екі қалалық колледж: құрылыс-техникалық және сервистік-техникалық, сондай-ақ, Красный Яр селосының агротехникалық колледждері шеберлік сыныбын ұйымдастырды.

Құрметті қонақ – Ақмола облысы ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің мүшесі Елена Тарасова студенттерге кесте тігу бойынша бастан-аяқ шеберлік сыныбын көрсетті. Оның айтуынша, кесте тігу – бұл тұтас бір өнер. Қолдан ғажайып туғызу, кішкентай өнер жауһарын жасау арқылы сіз үйіңізді немесе киім-кешегіңізді керемет безендіре аласыз», – дейді ол. 

«Бүгінде тігін кәсіпорындары профильдік мамандардың тапшылығын тартуда. Ал бұл іс-шараның мақсаты – колледждің болашақ түлектерін  осында оқып шығуға болатын мамандықтарды таңдауға қызықтыру, ынта-ықыластарын ояту. ТжКБ оқу орындарын және кешкі мектептерді негізінен мақсатты түрде емес, кездейсоқ таңдайтыны жасырын емес. Ал осы мәселені шешудің бір жолы – оларды кәсіптік бағдарлау», – дейді ӨКП директорының орынбасары Айжан Тәжмиева. 

Шеберлік сыныбы дәстүрлі түрде ең белсенді қатысушыларды марапаттаумен аяқталды. ӨКП мұндай іс-шараларды тұрақты негізде өткізуге ниет танытып отырғанын айта кеткен жөн. Кездесуге қатысушылар қазан айында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай дәстүрлі емес материалдардан тігілген ұлттық костюмдердің байқауын ұйымдастыруға келісіп тарқасты. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер