astana-view

«Атамекен» ШОБ өкілінің алпауыт кәсіпорындармен байланыс орнатуына мұрындық болды

2016 жылғы 09 Маусым
2601 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы елдегі кәсіпорындарға сұраныс көлемін төмендетпей, жұмыс орындарын сақтап қалуға көмектесуде.

Мәселен, «Атамекен» ҰКП мен «Самұрық-Қазына» қорының бірлескен жұмысының арқасында соңғы екі жылда отандық тауар өндірушілермен сатып алулар бойынша 410 миллиард теңгеден астам сомаға ұзақ мерзімді 955 шарт жасалған.

Қазақстандық өндірушілерді қолдау жолында, барлық аймақта жұмыс топтары құрылған. Осы орайда Павлодар аймағы белсенділігімен көзге түсуде. Өңірлік Кәсіпкерлер палатасы басшылығының бұйрығымен комиссия бекітіліп, ортақ іс бойынша кеңестерге 99 ұйым өкілдері қатысқан. 

Бұл тұста сөзімізге дәлел, павлодарлық «Интерпластик» компаниялар тобы «Атамекен» көмегімен аймақтағы жүйеқұраушы кәсіпорындармен ынтымақтастық орнатқан.

Биылғы сәуір айында өңірлік Кәсіпкерлер палатасының қабырғасында Павлодар мұнай-химия зауыты, Еуразиялық энергетикалық корпорация, Қазақстан электролиз зауыты, Бозшакөл тау-кен байыту комбинаты сынды ірі компаниялармен шағын және орта бизнес (ШОБ) тауарлары мен қызметін жеткізу тұрғысында бірқатар кездесулер  өткен. Ал қазірде ПВХ бұйымдарына қатысты келісімшарттарға отыру, көлемін анықтау мәселелері талқылануда екен.

Былтыр мемлекет қамқорлығы арқасында жаңа зауыт тұсауын кескен «Интерпластик» компаниялар тобы пластик терезелер өндірісін жергілікті жағдайға толық бейімдеп, отандық тауар өндірушілер қатарына нық жайғасуда мақсат тұтуда.

«Біз өз қызметімізде жоғары тұтыну стандарттары мен озық сапа ұсыну арқылы терезе саудасы нарығының өркениетті түрін қалыптастырғымыз келеді. Осы мұрат ауқымында Астана мен Өскемен, Семей, Екібастұз және Қарағанды қалаларында филиалдар желісін іске қосып, кәсіби менеджерлер командасын жұмылдырдық. Ашылған күнімізден бастап өңірлік Кәсіпкерлер палатасымен тығыз қарым-қатынастамыз. 2015 жылы тікелей мемлекеттің демеуімен дүниеге келген, автоматтандырылған неміс құрал-жабдығында шығарылатын пластик терезелер мен есіктер біздің мақтанышымыз екенін жасырмаймыз», - деп әңгімелеген «Интерпластик» ЖШС маркетинг бөлімінің жетекшісі Василий Нұркеев шыны пакеттерін әзірлейтін тағы бір павлодарлық нысан «СтеклоМИР» компаниясымен кооперация негізінде «ИнтерпластиК терезелері» брендіне қол жеткізгендерін айтады.

Зауыт өнімі сертификация сынақтарынан сүрінбей өткен және «Қазақстанда жасалған» деген мәртебеге ие. Қазіргі уақытта «Интерпластик» ұжымы Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының атсалысуымен «Алтын сапа» байқауында бағын сынап көрмек ниетте. 

«Филиалдарымыздың қолжетімділігі, жетілген жеткізу жүйесі, ауқымды дилерлік торап өнімімізді қысқа мерзімде әрі арнайы жабдықталған автокөліктерде жеткізуге мүмкіндік береді. Жеке нарықтан тыс, Өскемен мен Астана, Павлодар, Қарағанды шаһарларындағы көптеген іргелі құрылыс алаңдарына өнімімізді сәтті табыстадық. Бұған қоса, өндіріске инновациялық жаңалықтарды енгізуді ұмытпаймыз. Мәселен, 2013 жылы ПВХ пішінін ламинаттайтын құрылымдық бөлімшені аштық. Кез-келген үйдің немесе ғимараттың көркін құлпыртып жіберетіндей түрлі түстегі терезелерді жасау үшін күрделі өндірістің қыр-сырын игеріп, еуропалық 50 түсті кәдеге жаратудамыз. Бағамыз да орташадан төмен», - дейді Василий Нұркеев.

Сөз соңында түйіндесек, «Интерпластик» ЖШС «Алтын сапа» сыйлығы мен «Қазақстанның үздік тауары» байқауын асыға күтуде. Жақында бұл тақырыпта «Атамекен» мамандары семинар өткізіп кеткен.   

Алдаберген КЕМПІРБАЕВ


Ұқсас жаңалықтар:

Бизнес үшін оңтайлы орта құру қажет
14 Маусым
2016
Шығыс Қазақстан облысы
Бизнеске тың серпін қажет
14 Маусым
2016
Маңғыстау облысы
Бүгінгі студент – ертеңгі шебер
13 Маусым
2016
Ақмола облысы

Еншілес ұйымдар

Серіктестер