astana-view

№1 міндет – кәсіпкерлер құқығын қорғау

2016 жылғы 09 Маусым
- Қостанай облысы
6127 просмотров

«Келіп түскен ағымдардың артуы – бизнесмендердің біздің жұмысқа деген сенімінің белгісі»

Бұл туралы Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Мұрат Әбенов ұйым қызметінің кейбір қорытындыларына арналған баспасөз мәслихаты барысында мәлімдеді.

Ол Палатаның басты міндеттерінің бірі – бизнестің құқығы мен заңды мүдделерін қорғау екенін айтты. Екі жарым жыл ішінде мұнда кәсіпкерлер құқығының аяққа тапталуы туралы 372 шағым келіп түскен. Бұл тұста жылдан жылға шағымдар саны артып келеді: 2014 жылы шағымдар саны – 129 болса, 2015 жылы – 159 шағым келіп түскен, ал биылғы жылдың бес айында – көрсеткіш 84-ке тең болған. Бұл көрсеткіш былтырғы жылдың осы кезеңіне қарағанда көбірек.

«Шағымдардың ішінде көлікті бақылау инспекциясы қызметкерлерінің кәсіпорындардың жүк тиеу техникасының жүргізушілерінің әкімшілік құқық бұзуы кезінде техникалық төлқұжаттарын алып алу және ұзақ уақыт бойы ұстау проблемасы шешілді. Бұл жағдайларда техника құр босқа тұрып қалған, ал кәсіпкерлер шығынға батқан. Екі жыл қатарынан біз облыс жүк тасымалдаушыларға салынған көпмиллиондық айыппұлдарды алып тастауға атсалысып келдік. Мұндай проблемалар автоматтандырылған бақылау жүйелерінің қате деректер тіркеуінен туындаған болатын. Тек Палатаның араласуынан кейін ғана проблема жүк тасымалдаушылардың пайдасына шешілген», – деді журналистерге Мұрат Әбенов.

Палата басшысының айтуынша, бизнес проблемаларын сот тәртібі арқылы шешуге тура келетін жағдайлар да аз емес. Сарапшылар өз жұмысы барысында 50 сот процесіне қатысып, олардың жартысы кәсіпкерлер мүддесіне қарай шешімін тапқан.

«2014 жылы біз барлығы 26 проблеманы шештік, 2015 жылы 111 проблеманы, ал биылғы жылдың алғашқы бес айында 41 проблемалық мәселенің түйінін тарқаттық. Бизнес тап болуы мүмкін шығынның жалпы сомасы 3 млрд-тан астам теңгеге тең болған. Олар – күші жойылған айыппұлдар, қайта есептелген төлемдер, алдын алған материалды шығындар», – деп айтты Мұрат Әбенов. 


Ұқсас жаңалықтар:

Бизнес үшін оңтайлы орта құру қажет
14 Маусым
2016
Шығыс Қазақстан облысы
Бизнеске тың серпін қажет
14 Маусым
2016
Маңғыстау облысы
Бүгінгі студент – ертеңгі шебер
13 Маусым
2016
Ақмола облысы

Еншілес ұйымдар

Серіктестер