astana-view

Айгүл Соловьева: «Ұлттық холдингтер сатып алу барысын қадағаламайды»

2016 жылғы 10 Маусым
8161 просмотров

Сарапшылар квазимемлекеттік сектордағы ішкі аудит қызметі жұмысының тиімсіздігін атап өтті

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының тапсырысымен ұлттық компаниялар мен холдингтердегі сатып алу барысын зерттеген сарапшы топтың мүшелері көптеген түйіткілді мәселелерді анықтады.

Сарапшылардың деректері мен қорытындыларын «Атамекен» ҰКП Сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес отырысында Кеңес мүшесі Айгүл Соловьева ортаға салды. Ол барлық түйіткілді мәселелердің «Атамекенге» келіп түскен кәсіпкерлер арыздары арқылы қаралғандығын атап өтті әрі сөз ұлттық компаниялар мен ұлттық холдингтерде өткізілген сатып алуға қатысқан компаниялар туралы болып отыр. Сатып алуды жүргізу ережелері мен «Самұрық-Қазына» қорының «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС арнайы бөлімшесін құру туралы құжаттардың болуына қарамастан, шешілмеген мәселелер де жоқ емес. «Сарапшы топ Қорда сыбайлас жемқорлық шығынын азайту жөніндегі реформа іс жүзінде тежеліп тұр деген қорытындыға келді. Бұл ойға негіз болған «Ұлт жоспары – 100 нақты қадамдағы» сатып алу мемлекеттік жүйесінің жаңа құқықтық негізін құру бойынша көрсетілген жетекші халықаралық тәжірибенің әлсіз енгізілуі», – дейді Айгүл Соловьева.

Мысал ретінде ол «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, «ҚазЭкспортГрант», «Қазақстанның ипотекалық несиелерге кепілдік беру қоры» АҚ сияқты компанияларды атап өтті. Сарапшы топтың келтірген мәліметтеріне сүйенсек, олар «ашық рәсімдерді ұйымдастыру тәртібін белгілеместен және шағымды комиссиялық тұрғыдан қарастырмастан, типтік ережелерге негізделген Сатып алу ережесінің негізінде ғана әрекет етеді» екен.

Сарапшылардың мәліметтері бойынша, осыған ұқсас жүйе «ҚазаАгро» АҚ-ның еншілес компанияларында да бар. «Сонымен, мәселен, холдинг Ережеде бекітілген Сенімсіз жеткізушілердің тізімін құрап отыр. Ал, оны құрастыру, жүргізу және бекіту тәртібі ашық түрде орналастырылмаған. Алайда, оған енгізілген тұлғалар екі жыл бойы сатып алуға қатысуға жіберілмейді», – деп сөзін жалғады А.Соловьева.  Осыған орай сарапшылар тарапынан мынандай сұрақтар туып отыр: неліктен холдингте е-сатып алу түрі қолданылмайды, ал конкурстық рәсімдер неге жабық?

«Квазимемлекеттік сатып алу секторында еншілес және тәуелді ұйымдарды бақылауды жүзеге асыру тетіктері жоқтың қасы. Ұлттық холдингтер сатып алу барысын қадағалаудан шет қалған деуге болады, бұл сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасап береді», – деп атап өтті А.Соловьева. Оған қоса, сарапшы ішкі аудит қызметі жұмысының тиімсіздігі айтарлықтай операциялық тәуекелділікке әкеп соғатынын және анықталған заң бұзушылықтарды құқық қорғау органдарына беру дерегінің сол себепті жоқ болуы мүмкін екенін атап өтті. Бұған дәлел ретінде сарапшы топ Ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бюросының өткізілген сатып алулармен тікелей байланысты  ақша ұрлау деректері жөніндегі мәліметтерін келтірді.

Сарапшылар атап өткен келесі бір мәселе квазисектор құрылымының өзінінің ғана емес, жеткізушілердің де қылмыс жасау мүмкіндігінің жеткілікті деңгейде бақыланбауы.

«Бас прокуратураның мәліметтеріне сәйкес, 2015 жыл мен 2016 жылдың бірінші тоқсанында аталған сектор субъектілері жіберген заң бұзушылықтар бойынша 119 сотқа дейінгі тергеу басталған. Мұның басым бөлігі уақытша мүлікті иемдену немесе ысырап қылу және алаяқтық», – дейді А.Соловьева.

Келесі мәселе – сатып алу тәртібін реттейтін және кәсіпкерлердің құқықтарын қозғайтын жергілікті актілердің сыбайлас жемқорлық деректерін қосымша анықтауға бағытталған шараларсыз қалдырылуы.

Сонымен, сарапшы топ «Самұрық-Қазына» АҚ Тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу ережесінің 96-тармағының 2-тармақшасына назар аударды. Онда екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып тендер өткізу барысында комиссияның екінші кезеңде бірінші кезеңдегі мақұлданып қойған тендер құжаттарына өзгеріс енгізуге құқылы екендігі айтылған. «Осыған ұқсас норма бұған дейінгі ережелердің 94-тармағында болған, сондықтан бұл «қажетті» жеткізушіні таңдауға мүмкіндік беретін «көмескі» дәстүрге деген беріктіктің қайдан пайда болғанын түсіну қиын емес», – дейді Айгүл Соловьева.

Сарапшылардың пікірінше, сатып алуды ұйымдастырудың қазіргі тәртібі кінәлі лауазымды тұлғаны жауапқа тарту мүмкіндігінен айырады, бұл жазаның қолданылмай қалмайтындығы ұстанымдарына қайшы келеді. Аталған жағдайды түзету үшін сарапшылар «біздегі квазимемлекеттік секторға кіріге алмаған ұжымдық жауапкершіліктен заңда бекітілген жауапкершілікке көшуді» ұсынды. Мамандар мұның заң бұзушылықтарды азайтып, көлеңкелі экономика мен сыбайлас жемқорлық деңгейін қысқартуды қамтамасыз ететіндігіне сенімді.

Жанар Сердалина


Еншілес ұйымдар

Серіктестер