astana-view

Қазақстанның Еңбек Ері «Атамекеннің» ықпалы артып келетінін айтады

2016 жылғы 16 Маусым
8399 просмотров

Астанада «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының III Съезі басталды

Съезге қатысушылар «Атамекеннің» кәсіпкерлердің заңды мүдделерін қорғаудағы үдемелі үлесін атап өтуде.

Жиын барысында Қазақстанның Еңбек Ері, «Родина» агрофирмасы» ЖШС бас директоры Иван Сауэр «Атамекен» ҰКП қызметіне жоғары бағасын берді.

«Дұрыс келе жатқанымыздың, дәл келе жатқанымыздың кезекті бір дәлелін күтемін (съезде – ред.). Және де мен күнделікті өмірде «Атамекен» ҰКП-ның бизнесте, қоғамда, үкіметте ықпалының артып келе жатқанын көріп жүрмін», – деп атап өтті И.Сауэр.

«Егер жекелеген жандарды тыңдсақ, жағдай мәз емес сияқты. Алайда олар не талдамайды, не талдағылары келмейді. Ақиқатында өрлеу бар, бизнесті ілгерілету үшін атқарылып жатқандарды көрмей қалу мүмкін емес. Айтпақшы, мен ЕАЭО бойынша жақын әріптестерімізбен пікір алмасып тұрамын, олар бізге қызыға қарайды», – дейді И.Сауэр.

Жанар Сердалина


Еншілес ұйымдар

Серіктестер