Сатып алу саласындағы ноу-хау
Сатып алуларға қатысты ӨКП ұсынысын әкімдік қолдады
Кәсіпкерлер палатасы директорының міндетін атқарушы Олжас Қаржауов мемлекеттік сатып алулар өткізу кезінде құрылыс жұмыстары сметасында тауарлар мен қызметтер лоттарын бөлек белгілеуді ұсынды. Облыс әкімдігі бұл ұсынысқа қолдау білдіріп, облыстық құрылыс басқармасына мердігерлермен бұл жаңалыққа қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
«Біздің ұсыныс мемлекеттік сатып алуларға қатысатын Маңғыстаудағы отандық тауар өндірушілерді нығайту, осылайша олардың әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға шақырады», – деді Олжас Қаржауов.
ӨКП-ның тағы бір ұсынысы бірінші сынып оқушыларына арнап мектеп формасын жергілікті тауар өндірушілері үшін қолайлы жағдайлар жасау. Кәсіпкерлер палатасы басшылығының пікірінше, облыстық білім беру басқармасы мемлекеттік сатып алуларды сатып алынатын тауар – бірінші сынып оқушыларына арналған 16 мың мектеп формасының жергілікті құрам үлесінде болу талабын есепке ала отырып өткізуі керек.
Егер «Жамал-Ай» ЖШС және «Жанарыс» ЖШС секілді екі жетекші тігін кәсіпорнын өндіріс көлемінен қамтамасыз етсе, онда өңірде 20 жаңа жұмыс орны құрылар еді.
Облыстық білім беру басқармасы өкілінің айтуынша, мемлекеттік сатып алулар сатып алынатын тауардағы жергілікті құрам үлесінің болу талабын есепке ала отырып, бастапқыда Ақтау және Жаңаөзен қалаларының мектептерінде, кейін облыстың өзге де мектептерінде өтпек.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: