astana-view

Агроқұзыреттілік орталықтары құрылады

2016 жылғы 17 Маусым
2511 просмотров

10 мыңға жуық ауылшаруашылық субъектісі оқытылады

Астанада өткен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ІІІ съезі барысында отандық агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мақсатында еліміздің барлық аймағында Агроқұзыреттілік орталықтары құрылатын болып шешілді.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің мемлекеттік тапсырысын орындау аясында, «Атамекен» ҰКП-ның құрылтайшы ретінде қатысуымен, бұрынырақ жұмысы тоқтап тұрған «Тауардың шығу тегін сертификациялау» ЖШС атауы сәйкесінше жоғарыда келтірілген «Агроқұзыреттілік орталығы» заңды тұлғасына өзгертіліп, негізгі қызмет түрлері қажетті бағытқа бейімделетін болды. Тиісті тақырыпта «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев баяндама жасады.

«Агроқұзыреттілік орталығы» ЖШС құруда агрокешен субъектілерін сервистік қолдау, елдегі алдыңғы қатарлық озық шаруашылықтар ауқымында оқыту семинарларын өткізу арқылы ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің қазіргі заманғы технологиялары туралы ақпарат ұсыну мақсаты көзделуде.

Бюджеттік бағдарлама міндеттерін тиімді жүзеге асыру үшін Орталық өңірлік Кәсіпкерлер палаталарымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істемек. Нәтижесінде ауылшаруашылық тауарларын өндірушілермен кері байланыс орнап, АӨК субъектілері арасында сұранысқа сай бизнес-білім таратылады деп күтілуде.

Жалпы АӨК саласындағы 25 басым тармақ бойынша 666 оқыту семинары ұйымдастырылып, онда 10 мыңға жуық шаруа иесі білімін байытады деп болжануда.    

Алдаберген КЕМПІРБАЕВ


Еншілес ұйымдар

Серіктестер