astana-view

Ақтөбе металл құрастыру зауыты биржаға шығады

2016 жылғы 17 Маусым
8924 просмотров

20 маусым мен 1 шілде аралығында кәсіпорын Қазақстан қалаларында роуд-шоу өткізбек

Ақтөбе металл құрастыру зауыты IPO-ға шықты. Кәсіпкерлерді қор нарығына тарту мақсатында кәсіпорын өкілдері Қазақстан қалаларына жасалатын тур кезінде тұрғындардың барлық сұрақтарына жауап бермек.  Зауыт IPO-сын ұйымдастырып отырған «Фридом Финанс» АҚ қатысуға ниет білдірген кәсіпкерлерді Кәсіпкерлер палатасына жүгінуге кеңес берді. Роуд-шоу аясындағы кездесулер кестесі мына жерде. Аталған шара аясында зауыт пен «Фридом Финанс» өкілдері жоба туралы толық ақпаратпен бөлісіп, кәсіпорын акцияларын не себепті сатып алған жөн екенін түсіндіреді. «Ақтөбе металл құрастыру зауыты» АҚ – жобалаумен, даярлаумен және кең спектрлі пайдалануға арналған металл құрастырылымдарын шығарумен айналысатын технологиялық компания. Зауыт елдің батыс өңірінде көшбасшы саналады, ол нарықтың шамамен 70%-ын иемденген. Компанияның ірі клиенттері санатына «Казхром» ТҰК» АҚ мен «Теңізшевройл» ЖШС секілді мұнай кен орындары мен тау-кен шахталарына ие кәсіпорындар кіреді.

Айта кету керек, компания өкілдерімен кездесу Астана қаласында 20 маусым күні сағат 11:00-де, «Marriott» қонақүйінде өтеді. Тіркелу үшін 8-800-080-31-31 тел нөміріне қоңырау шалу қажет (қоңырау шалу Қазақстан бойынша тегін).


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер