astana-view

Бизнес-омбудсменнің қызметіне ешкімнің араласуға құқығы жоқ

2016 жылғы 21 Маусым
15168 просмотров

Болат Палымбетов бизнесті кім және қалай қорғайтыны жайлы айтып берді

– Болат Әбілқасымұлы, ең алдымен бизнес-омбудсмен деген қандай лауазым екендігі жайында айтып берсеңіз? Мен елдің бәрі бұны жете түсіне бермейді  деп ойлаймын.

– Өткен жылы қабылданған және биылғы жылдың басынан бастап күшіне енген Кәсіпкерлік кодекске сәйкес, Бизнес-омбудсмен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл болып табылады және мемлекет басшысының жарлығымен тағайындалады. Негізгі міндеті – кәсіпкерлерді мемлекеттік органдар тарапынан болатын заңға қайшы іс-әрекеттерден қорғау. Егер кәсіпкерлердің арасында қандай да бір түсінбеушілік болса, онда омбудсменнің араласуға құқығы жоқ. Ол тек мемлекеттік органдар құқыққа қайшы әрекет жасаған жағдайда ғана араласады.

Бизнес-омбудсмен қандай өкілеттіктерге ие?

– Заңға сәйкес, бизнес-омбудсменнің өкілеттігі өте кең. Бұл даулы жағдайларда қажетті бүкіл материалдарды талап ету және оларға сұрау салу, қандай да бір нормативтік-құқықтық актілерді тоқтата тұру жөніндегі ұсынымдар және тағы басқалары. Олар едәуір қатаң және түсінікті. Және де кәсіпкерлерді тікелей қорғаумен айналысуға мүмкіндік береді.  

Кәсіпкерлер сізге көбінесе қандай проблемалармен келеді?

– Бизнес-омбудсмен институты қалай құрылғанын айқын ұғынып алған жөн. Бастапқыда бізде бірегей ұйым  – «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы құрылды (ҰКП), ол өзінің құқықтық кеңістігін жасады. Осыдан кейін Кәсіпкерлік кодексі қабылданды, және де бүкіл органдар мен нормативтік-құқықтық құжаттар, заңнамалық орган құрылғаннан кейін барып, бизнес-омбудсмен пайда болды. Ол ҰКП белсенді жұмыс істеп жатқан кеңістікте құрылды, сол себепті, екеуі де қорғайтын болғандықтан, кәсіпкерлерді шатастырмас үшін бизнес-омбудсменнің аппараты осы мәселелермен айналысатын ҰКП бөлімшелері болып саналады. Мен бұны кәсіпкерлерді шатастырмау үшін әбден дұрыс деп есептеймін. Өткен жыл бойынша 12,5 мың шағым түсті. Олар мұқият талдаудан өтті, облыстарға дейін, олар ең көп шағымданатын мәселелерге дейін жіті қаралды. Бұл, негізінен, құрылысқа арналған жер учаскесін алуға қатысты шағымдар, сәулет-құрылыс басқармаларымен дау-дамайлар, санэпидемстанцияға, салық қызметкерлеріне қатысты шағымдар. Ауқымы өте кең. Әрбір облыста әртүрлі.

– Сіз жаңа ғана ҰКП туралы айттыңыз, менің қолымдағы статистикалық деректер бойынша, Ұлттық палата бизнесмендердің проблемалық мәселелерінің 69%-ын оң шешеді. Ал, сіздердің Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен өзара қатынастарыңыз қалай құрылады? Сіздер бір-біріңізді қайталамайсыздар ма?

– Мүлдем қайталамаймыз. ҰКП-ның өкілеттіктері жетпейтін мәселелерге бизнес-омбудсмен кіріседі. ҰКП тек кәсіпкерлердің құқықтарын қорғаумен айналыспайтынын білесіздер. Бүгінде ол экономиканың барлық секторында жұмыс істейтіні баршаға мәлім. Ол кәсіпкерлік қызметке қатысты нормативтік-құқықтық актілерге өзгертулер талқыланатын бүкіл мемлекеттік органдар мен жұмысшы топтарының құрамына кіреді.

– Сіз әрбір өңірде өкілдеріңіз бар екенін айттыңыз. Ал, сіз тікелей кімге бағынасыз?

– Заңға сәйкес, мен Мемлекет басшысына тікелей бағыныштымын. Және де бизнес-омбудсменнің қызметіне ешкім де қол сұға алмайды.

– Жақсы. Мен таяуда Мәскеуде екі бизнес-омбудсмен арасында меморандумға қол қойылғанын білемін. Қазақстандық тараптан оған сіз қол қойдыңыз, ал ресейлік жақтан – Борис Титов қойды. Осы жайында таратып айтып берсеңіз.

– Иә, Борис  Титовтың шақыруымен біздің делегация Мәскеуде болды, онда кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау тақырыбындағы конференцияға қатыстық. Және де оған Ресейдің бүкіл облыстары мен аймақтарынан өңірлік бизнес-омбудсмендер қатысты. Шын мәнінде, РФ президентінің жарлығына сәйкес федералдық деңгейде бизнес-омбусдмен болып Борис Титов тағайындалған, ал федерацияның субъектілерінде бизнес-омбудсмендер соның келісімімен тағайындалады. Сол себепті бұл өте қызықты әрі үлкен конференция болды. Онда мен Қазақстанда жасалып жатқан істер жайлы, бізде бизнес-омбудсмен институты қалай құрылғаны жайлы айтып бердім. Негізгі міндетіміз Ресейде жұмыс істейтін біздің кәсіпкерлерге және керісінше біздегі олардың кәсіпкерлеріне көмек көрсету болды. Бұл егер де Ресей бизнесмендері Қазақстанда қиын жағдайға тап бола қалса, онда оларға біздің бизнес-омбудсмен көмектесуі үшін қажет және керісінше де солай. Бұл біздің басты талқылауымыз болды. Талқылаудың екінші тақырыбы – тәжірибе алмасу, себебі Ресейде бизнес-омбудсмен институты 2012 жылы құрылған. Біз, атап айтқанда, Ресейде көтерілген көптеген проблемалар жайында айттық, олар Қазақстанда бес жыл бұрын шешіліп қойған. Кәсіпкерлерді қорғау жағынан, заңнамалық қызмет жағынан, шынын айтсам, біз олардан алға озып кеттік.

– Айтпақшы, біздің редакцияда Борис Титовтың меморандумға қол қоюға байланысты шағын түсіндірмесі бар. «Бизнесті толғандыратын проблемалар көп жағынан ұқсас, дегенмен кейбір мәселелер бір елде жақсы шешімін тауып, реттелсе, бір елде басқаша шешілуі мүмкін. Сол себепті біз үшін бұл өте маңызды, оған қоса, біз кезең-кезеңмен екі елдегі жағдаятқа мониторинг жасап, озық тәжірибені үйреніп отыруымыз қажет, және де кәсіпкерлер арасында не болмаса екі елдің органдары арасында кәсіпкерлік тұрғысынан бірлескен шешімдер табуға тиіспіз». Борис Титов проблемалар көбінесе ұқсас келетінін атап өтті. Бұл солай ма?

– Дәл солай. Ол дұрыс айтады: проблемалар ұқсас, бірақ әртүрлі шешіледі. Бізде Мемлекет басшысы кәсіпкерлік қызмет – Қазақстанда нөмірі бірінші мәселе екенін әрдайым атап көрсетіп келеді. Біздің әрбір өңірде, әрбір әкімдікте кәсіпкерлерді қорғау және кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі департаменттеріміз бар. Сондай-ақ, әрбір өңірде жергілікті кәсіпкерлер палатасы жұмыс істейді. Бізде тіпті күштік органдарда да кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау департаменті бар. Сол себепті бұл тұрғыдан  Қазақстанда оңайлау және  бір де бір мемлекеттік шенеунік кәсіпкерлікке қарсы екенін айтпайды. Сонымен бірге мен көптеген өңірлерді араладым, өткен жылы түскен шағымдарға талдау жасадым. Мен облыс басшылықтарымен кездескен кезде, Астанаға келіп түсетін шағымдардың 90%-ын іс жүзінде жергілікті жерлерде шешуге болатынын айттым. Айталық, құрылыс салуға жер учаскесін бермеу деген не өзі?

– Шет елдерде, соның ішінде Ресейде қиын жағдайға тап болған кәсіпкерлерге көмек көрсетудің тетіктері жайында айтып берсеңіз?

– Онда олар ресейлік бизнес-омбудсменге және тиісінше бізге жүгіне алады. Біз бұл мәселені шешу үшін мониторинг жүргіздік, проблема туындаған жердегі бизнес-омбусдмендермен байланыстық. Сол себепті бұндай жағдайларда бізге де, Ресейдің бизнес-омбудсмендеріне де өтініш жасауға әбден болады.

– Санкт-Петербург экономикалық форумы алаңында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ресейлік бизнесмендермен кездесуінде Қааақстанда ресейліктердің қатысуымен 6 мың кәсіпорын табысты жұмыс істеп жатқанын айтты. Мен,  шамамен осынша біздің кәсіпкер Ресейде жұмыс істейді деп ойлаймын. Ендеше, сіздердің жұмыс көлемдеріңіз ауқымды болатын сияқты.

– Мен ол жақта біздің кәсіпкерлердің проблемасы көп болмайды ден сенемін, өйткені бізде ресейлік кәсіпкерлерге, ал Ресейдің қазақстандықтарға көзқарасы өте жақсы. Ресейдегі қазақстандық бизнесмендерден көп шағым түседі деп айта алмас едім. Бірнеше көмек сұраған өтініштер болды. Мен Мәскеуде болған кезімде біздің кәсіпкерлерге көмек көрсеткен бизнес-омбудсмендерге алғыс айттым. Кейде кеденде тауар тұрып қалатыны болады. Бірнеше проблемаға байланысты Ресей омбудсмендері көмектесті. Дәл сондай көмек біздің тараптан да байқалды.

– Таяуда ҰКП-ның үшінші съезі өтті. Сіздің қатысқаныңызды да білеміз. Осы жайында айтып берсеңіз?

– Кез келген  съезд – бұл нақты қорытындылар шығару. Бүгінде ҰКП-ға үш жыл толды. Сондықтан да ұйым өзін-өзі ақтады деп айта аламыз. Біріншіден, үш жыл ішінде ҰКП туралы заңды және Кәсіпкерлік кодексі тәрізді екі бірдей маңызды құжатты қабылдау – бұл үлкен жұмыс. Оған қоса «Атамекен» барлық өңірлерде құрылды, оның өкілдіктері ашылды. Бұл шын мәнінде кәсіпкерлердің мүддесін білдіретін ғаламат зор ұйым. Съезд бүгінгі таңда қандай мәселелер мен проблемалар бар екенін көрсетіп берді. Бүгінгі күнгі ең түйінді мәселе жұмыспен қамту дер едім. Мен, негізгі міндет – ауыл кәсіпкерлерін нысаналы түрде несиелендіру деп есептеймін. «Даму» 23 млрд. теңге сомасында ауылдық кәсіпкерлерге несие беруге дайындалып жатқаны маған мәлім. Бүгінгі таңда негізгі жұмыссыздық ауылды байқалып отыр, сол себепті ауыл кәсіпкерлерін нүктелі түрде несиелеу қажет. Бұл түйінді проблеманы Премьер-министр де атап көрсетті. Мен кәсіпкердің кез келген бастамасы назарға алынып, оған көмек көрсетілуі тиіс деп санаймын, өйткені ол салық төлейді, жұмыспен қамтиды және көптеген әлеуметтік мәселені шешеді.

– Сіз жақында Қазақстанның облыстарында болып қайттыңыз. Сапар барысында қандай түйін жасадыңыз?

– Негізгі міндет – бизнеспен кездесуде айтылған проблемаларды тиісті жеріне жеткізу. Облыс басшылығымен кездесе отырып, мен осы проблемаларды жеткіземін. Содан кейін облыстың прокурорымен кездесемін, онда да мәселе қоямын. Шын мәнінде бізге келіп түскен шағымдардың 90%-ын Астанаға жеткізбей-ақ, жергілікті жерде шешуге болады.

– Жершілікті жерлерде мемлекеттік органдар сіздің ұсыныстарыңызға қалай қарайды?

– Көзқарас өте жақсы. Бұл пайдалы да, себебі облыс әкімі мен басшылығының қандай да бір проблемаларды шешуге уақыты жете бермейтіні түсінікті. Ал, оған бағыныштылары  беретін есептер бір бөлек, біз облыстағы нақты жағдайды көрсетіп, шағымдар туралы айтуымыз бір бөлек. Сол себепті облыс басшылары мен прокурорлары тарапынан көзқарас дұрыс болып отыр.

Дереккөзаbctv.kz


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер