astana-view

Нақты кіріс немесе Патенттік құқық

2016 жылғы 22 Маусым
- Ақмола облысы
7439 просмотров

ӨКП Ақкөл филиалының сарапшысы  жергілікті мемлекеттік кірістер басқармасы тарапынан туындаған әкімшілік кедергіні дер кезінде тоқтатты  

Жеке кәсіпкер Тоғжан Төлебергенова өз шағымында патент бойынша кірістің болжанатын сомасын көтеруге, яғни пайданың шын мәнісіндегі көрсеткіштеріне сәйкес емес мәліметтерді көрсетуге мәжбүрлейтін, шенеуніктер тарапынан жасалатын қысымға арызданды.

Абдырап қалған кәсіпкер өз бизнесін (халық тұтынатын тауарларды – әйелдер киімдерін сатуды) тоқтатпақшы болады, бірақ басқалардың кеңесі бойынша Кәсіпкерлер палатасына шағымданды.

«Біз мемлекеттік орган тарапына ресми сұрау жолдадық, соның нәтижесінде мемлкеттік қызметкерлер мен кәсіпкерлік субъектілерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Түйткілді мәселені бірнеше кәсіпкер көтергенін айту қажет», – деп хабарлады жергілікті КҚО кеңесшісі Дархан Мұсатаев.

Отырыс нәтижесі бойынша есепте шағын бизнес субъектілерінің шын мәнісіндегі кірістеріне сәйкес келетін сома көрсетілсін деген шешім қабылданды және ұсыныстар берілді. Күмән туған жағдайда кәсіпорынның іс-қызметі хронометражы, басқаша айтқанда «портреті» жасалсын. Т.Төлебергенованың мәселесі оң шешімін тапты, кәсіпкер Палата мекен-жайына Алғыс хат жолдады.

«Алайда бұл жағдай жалғыз емес, бізде осыған ұқсас бірқатар шағымдар бар. Кәсіпкерлерге қойылатын қисынсыз талаптарға жол беруге болмайды, көбіне, МКД қызметкерлері оларға кірістің белгілі бер шегін белгілеуге немесе зорлап міндеттеуге құқылы емес деп санаймыз. Бұл оның мөлшерін өз бетінше белгілейтін жеке кәсіпкерлердің тікелей құқығы. Өкінішке орай, іс жүзінде бәрі басқаша. Егер  шағын сома көрсетілген болса, салық нұсқаушылары міндетінен жалтарып, есептерді қабылдамайды. Бірақ біз кәсіпкерлерге табанды болуды ұсынамыз, мұндай факті болған жағдайда Кәсіпкерлер палатасына бірден шағымдаңыздар, – деп түсінік береді ӨКП  Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің басшысы Расул Сыздықов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер