astana-view

Мамыр айында ЕСЖ-да дәнді дақыл айналымы 141%-ға артқан

2016 жылғы 22 Маусым
8667 просмотров

«ЕСЖ (Еуразиялық сауда жүйесі) тауар биржасы» АҚ мамыр айындағы астық нарығының қорытындысын шығарды. Бұл айда 100 мың  тоннадан астам астыққа (бидай, арпа) келісім жасалды

Бидай: ЕСЖ-да 3-класты бидай бойынша франко-элеватор жеткізу базисіндегі биржалық келісімдердің орташа өлшемді бағасы мамыр айының басында 1 метрлік тоннаға 48 000 теңгеден айналды, айдың соңында баға өзгеріссіз қалды.

Чикаго биржасында бидай келісімдері керісінше  бағаның 1,5%-ға өсіп, 1 метрлік тоннаға 58 913 теңгеден айналғанын көрсетті.

Есептік кезеңде ЕСЖ-да заттай көріністегі 3-класты бидай айналымы 77%-ға артқандығын көрсетті, сомада 1 млрд теңгеден астам немесе Қазақстан Республикасы Халық банкінің 31.05.2016 жылғы бағамы бойынша 4 млн АҚШ долларына тең болды.

4-класты бидай бойынша айналымның заттай көрінісі 239%-ға артқандығын көрсетті, тауар айналымы 255%-ға артып, сомада 2,7 млрд теңгеден астам немесе Қазақстан Республикасы Халық банкінің 31.05.2016 жылғы бағамы бойынша 8 млн АҚШ долларына тең болды. Қосарланған қарсы аукцион режимінде 2 млрд теңгеден астам сомаға келісімдер жасалды.

Франко-элеватор жеткізу базисіндегі биржалық келісімдердің орташа өлшемді бағасы 14,6%-ға кеміп, 1 метрлік тоннаға 35 771 теңгеден айналды.

5-класты бидай бойынша айналымның заттай көрінісі 93%-ға артқанын көрсетті, тауар айналымы 109%-ға артып, жалпы сомасы 1 млрд теңгеге немесе Қазақстан Республикасы Халық банкінің 31.05.2016 жылғы бағамы бойынша 3 млн АҚШ долларына өскен. Соның ішінде Қосарланған қарсы аукцион режімінде 676 млн теңге сомасында келісімдер жасалды.

Франко-элеватор жеткізу базисіндегі биржалық келісімдердің орташа өлшемді бағасы  33%-ға артып, 1 метрлік тоннаға 48 000 теңгеден айналды.

Мамыр айында ішкі нарықтағы астық бағасы өзінің біршама тұрақты жағдайынан ауытқыды. Барлық дәнді дақылдар артты. 3-класты бидай орташа есеппен алғанда 18%-ға, 4-класты бидай 24%-ға, 2-класты арпа 13%-ға артты.

2016 жылдың мамыр айында ЕСЖ-ның Ауылшаруашылық өнімдерін саудалау секциясындағы ақшаға шаққандағы тауар айналымы 5 млрд теңгеден асты немесе Қазақстан Республикасы Халық банкінің 31.05.2016 жылғы бағамы бойынша 16 млн АҚШ долларына тең болды. 2016 жылдың сәуір айындағы көрсеткіштермен салыстырғанда сұраныс серпіні артып, пайызға шаққанда 127% болды.

Заттай көріністегі айналымның 141%-ға артқандығын көрсетті, бұл дегеніміз 121 131 тонна дәнді дақыл (бидай, арпа).

АҚШ-тың Ауыл шаруашылығы министрлігінің кезекті есебіне сәйкес, астықтың рекордты қоры бағаға қысым жасауда. Өткен жылмен салыстырғанда, 2016/17 жылдары әлемдік жүгері өндірісі шұғыл артатындығы болжануда. Бұл АҚШ-та, Аргентинада, ОАР мен ЕО елдеріндегі өнімнің молдығымен байланыстырылып отыр. Қытай мен ЕО-да азықты тұтынудың өсетіндігін көрсете отырып, әлемдік тұтыну рекордты көрсеткіштерге дейін артатындығы күтілуде.

Сондай-ақ ЕО мен Қытайдың есебінен импортқа әлемдік сұраныстың шамалы артатындығы күтілуде. Әлемдік ақырғы қосалқы қорлардың едәуір азаятындығы болжануда. Өйткені Қытайдағы қордың орнын АҚШ-тағы қорлар жауып кетеді.

Өткен жылғы рекордты деңгеймен салыстырғанда, әлемдік бидай өндірісінің азаятындығы болжануда. Соған қарамастан, ол төрт жыл қатарынан тұтынуды басып озып келеді. ЕО, Марокко, Түркия және Украина елдерінде өндіріс біршама қысқарды, алайда мұның орнын Аргентина мен Ресейдегі түсімнің молдығы жауып отыр. Әлемдік тұтыну біраз өсті, өйткені азық-түлікті тұтынудың тұрақты өсімінің орнын азық үлесіндегі бидай үлесінің азаюы басып отыр. Әлемдік сауда-саттық көлемі 2015/16 жылғы рекордты жоғары деңгеймен салыстырғанда шамалы ғана азайды.

ЕО төртінші жыл қатарынан әлемдегі ірі экспорттаушы атанады деп болжануда. Болжамдарға сәйкес, негізінен Қытайдың есебінен әлемдік қор рекордты жоғары деңгейге жетпек.

Күріш өндірісінің рекордты деңгейі болжануда, Оңтүстік пен Оңтүстік Шығыс Азия мен АҚШ-та көрсеткіштер біршама өскен. Тұтыну артады. Сауда-саттық көлемінің қысқаруы болжанып отыр, өйткені импорттаушы елдердегі түсімнің молдығы сұранысты азайтады. Молынан жеткізу мен бағалық бәсекеге қабілеттіліктің өсуіне байланысты АҚШ экспортының көлемі артатындығы болжануда. Экспорттаушылардың қорының азаюы Қытай қорының артуы есебінен жабылады.

Бидайдың әлемдік өндірісі 727 млн метрлік тоннадан (ММТ) 7,1 ММТ-ға дейінгі деңгейде болжануда, 2015/16 жылғы рекорды жоғары деңгейден азырақ. Негізгі экспорттаушы елдердегі  (Аргентина, Аустралия, Канада, ЕО, Қазақстан, Ресей, Украина мен АҚШ) өндіріс 2,4 ММТ-ға дейін қысқарады. Аргентина, Аустралия, Канада мен Ресейдегі бидай өндірісінің болжалды артуы ЕО, Қазақстан, Украина мен АҚШ-тағы өндірістің қысқаруының орнын толтыра алмайды. Өнім аумағының арттырылғандығына қарамастан, ЕО елдерінде түсім көлемінің қысқарылуы күтілуде.

Әлемдік сауда-саттық көлемі ай сайын айтарлықтай артып, рекордты 166,6 млн тоннаға жетті. Египет, Эфиопия, Таиланд, Индонезия, Марокко мен Түркия елдерінің импорт көлемі өсті. Аталған елдердегі импорттың артуы Ирак пен Сауд Арабиясындағы импорттың қысқаруын ішінара жабады. Аргентина, Канада, ЕО, Қазақстан, Ресей мен Түркияның экспорт көлемі өсті. АҚШ-тың экспорт, импорт және ауыл шаруашылық өнімдеріне орташа маусымдық баға көрсеткіші өзгеріссіз қалды. 2016/17 жылдары ауыл шаруашылық өнімдеріне орташа маусымдық баға 2015/16 жылдардағы $4,90/бушельмен салыстырғанда, $3,70 - $4,50/бушель аралығында болады деп болжануда.

ФАО-ның болжамы бойынша, 2016 жылы әлемдегі дәнді дақылдар өндірісі 2543 млн т-дай болады. Ол 2015 жылмен салыстырғанда  0,6% жоғары болса, 2014 жылғы рекордты деңгейден 0,7% төмен. Бұл – көлем мамыр айындағы болжамнан 17,3 млн т-ға артық. Бұл Аргентина, ЕО мен Ресейде бидай өндірісі мен Аргентина, Канада, ЕО мен АҚШ-та жүгері өндірісі болжамын арттыруға қарай қайта қараудың нәтижесі. 2015 жылмен салыстырғанда, бидай өндірісінің көлемі азаюы мүмкін, алайда күріш пен жемшөп дақылы өндірісінің артуы күтілуде.

Болжам бойынша, 2016-2017 жылғы дәнді дақылдарды тұтынудың жалпы көлемі 2546 млн тоннаға жетпек. Ол 2015/16 жылдармен салыстырғанда бар-жоғы 0,9%-ға артық. Бұл болжалды көлем мамыр айындағы болжаммен салыстырғанда 3,5 млн т-ға аз, өйткені жемшөпке арналған бидайды әлемдік тұтынудың болжамы түсімге қарай қайта қаралған еді. Бүгінгі таңда тіпті бидайды тұтыну 2016-2017 жылдары 0,1%-ға азаятындығы болжануда.

Астықтың әлемдік болжалды қоры ауыл мамыр айындағы болжаммен салыстырғанда 2017 жылы шаруашылық маусымының соңына қарай 27 млн т-ға артатыны қайта қаралды (642 млн т-дай). Осы ай бойынша түзетулердің негізгі себептері: өндірісті өсу жағына қарай қайта қарау, тұтынуды азаю жағына қарай қайта қарау, сондай-ақ Қытайдағы бидайдың бағалық қорын өткен жылдардағы нақты қор бойынша мәліметтерді есепке ала отырып қайта қарау. Соңғы болжамдардың мәліметтеріне сәйкес, маусымның басындағы рекордты көлемге қарағанда әлемдік қорлар 1,8 млн т-ға ғана азаяды.

2016-2017 жылғы астықтың әлемдік сауда-саттық көлемі 369 млн т болады деп болжануда, ол 2015-2016 жылғы маусымнан 1,9%-ға аз. Ол арпа мен ақ жүгерінің импорттық сатып алуының қысқаруына байланысты. Әлемдік астық сауда-саттық көлемінің жалпы қысқаруы ірі экспорттаушылар арасында нарықтағы үлес үшін бәсекенің күшеюіне әкелуі мүмкін. Бұл әлемдік баға өсімін ауыздықтауға сеп болар еді.   

Астық жөніндегі халықаралық кеңес (IGC) мамырда әлемдік астық жинау болжамын арттырып жіберді. Ол бойынша сәуір айындағы бағалау 2 млрд 006 млн-нан 2 млрд 015 млн-ға арттырылды. Ақымдағы 2016-2017 МЖ жинау 2 млрд 003 млн тоннаға бағалануда. Астықтығ ауыспалы қорын бағалау 2 млн тоннаға арттырылып, 474 млн тоннаға жетті.

Астық жөніндегі халықаралық кеңестің соңғы болжамының мәліметіне сәйкес, АҚШ-та келер маркетингтік жылы дәнді дақылдар өндірісі өткен маусымдағы көрсеткішпен (423,1 млн тонна) салыстырғанда, 420,2 млн тоннаға дейін қысқаруы мүмкін. Естеріңізге сала кетсек, 2014-2015 жылдары америкалық шаруалар 432,8 млн тонна, ал 2013-2014 жылы 425,6 млн тонна дәнді дақылдар жинаған.

Елдегі ауыл шаруашылық дақылдарының бастапқы қорына қатысты болжамы қарастырылған кезеңде 0,4 млн тоннаға артып, 79,8 млн тоннаға жетті. Бір маусым бұрын АҚШ қоймаларында 67,6 млн тонна астық болса, 2014-2015 жылдары бұл көрсеткіш 29,4 млн тоннаға аз.

Елдегі дәнді дақылдарға деген ұсыныс 2016-2017 МЖ 507,6 млн тонна деңгейінде болады деп болжануда. Өткен есеп беру кезеңінде болжамдар 0,5 млн тоннаға жоғары болған еді. Бір маусым бұрын бұл көрсеткіш 9,5 млн тоннаға аз болды.

Қарастырылып отырған маусымда америкалық астық экспорты өткен маркетингтік жылдағы 73 млн тоннаға дейінгі болжаммен салыстырғанда 2,9 млн тоннаға артуы мүмкін. Сонымен қатар, бір ай бұрын сарапшылар күткен ағымдағы 2,6 млн тоннадан асып кетті. Естеріңізге сала кетсек, 2014-2015 жылдары шет елдерге 80,4 млн тонна ауыл шаруашылық дақылдары сатылған еді.

Қарастырылып отырған кезеңдегі АҚШ-тағы дәнді дақылдар импорты 7,6 млн тонна болады деп болжануда. Бір жыл бұрын 0,1 млн тонна астық кем сатылып алынды. Өткен есеп беру кезеңінде сарапшылар 0,4 млн тонна кемитіндігі туралы болжам жасаған еді.

2016-2017 МЖ елдегі дақылдарды тұтыну 354,6 млн тонна деңгейінде болады деп күтілуде. Өткен есеп беруде сарапшылар күткен көрсеткіш 0,7 млн тоннаға аз болды. Өткен жылы тұтыну көлемі 348,2 млн тонна болған еді.

Ағымдағы есеп-қисап мәліметтеріне сәйкес, АҚШ-тағы астық қоры 2016-2017 МЖ соңына қарай 0,3 млн тоннаға артып 80,1 млн тоннаға жетуі мүмкін. Өткен жолғы болжам ауыспалы қор 78,6 млн. тонна көлемінде болады деп дәмелендірген-ді.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер