astana-view

Жаңа іске құлшына кіріскенде...

2016 жылғы 23 Маусым
- Солтүстік Қазақстан облысы
9508 просмотров

Кәсіпкер «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша жаңа бизнесін дамыту үшін 1,2 млн теңге алды

Бибігүл Сандыбаеваның бизнеспен шұғылданғанына бірнеше жылдың жүзі болды. Аққайың ауданы Смирново ауылында тауарлардың өндірістік тобын  сату бөлімі жылдар бойы табысты жұмыс келеді. Енді бизнесмен әйел мемлекеттің қолдауымен өзін басқа салада – құс өсіруде сынамақшы. Бибігүлдің бастапқы білімі мен дағдылары баршылық, 80 жұмыртқа салатын қаз өсіру инкубаторы да бар. Жаңа мақсатқа жетуге арналған мемлекеттік бағдарлама бойынша несие алуға СҚО Кәсіпкерлері палатасы аудандық филиалы мамандары көмектесті. Олар бірігіп барлық егжей-тегжейді есептеп, бизнес-жоспар жасады. Олардың жоспары бойынша, балапандарды негізінен ауыл тұрғындары сатып алмақ. «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ бизнесмен әйелдің жобасын қолдады және жылдық  6% мөлшерлемемен 1,2 млн теңге  сомасында қаржы бөлуді мақұлдады. Бұл ақшаға Сандыбаева 200 балапан, қажетті материалдар, жем сатып алып, іске кірісіп кетті. Айтқаны айдай келді, қаз балапандарын негізінен ауылдастары сатып алды. Ендігі жоспар – құс етін сату. 

Біздің қосарымыз, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша Аққайың ауданында 10-нан астам кәсіпкер Қордан қаржы алды, соның арқасында өз ісін ашты, не болмаса жұмыс істеп тұрған бизнесін кеңейтті. «Бүгінде ШОБ қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы өндірістік іс-қызметтің қандай түріне болса да жәрдемдеседі. Ең бастысы – барлық мүмкіндіктерді ескеріп, жобаны дұрыс есептеу керек»,– деп сенім білдіреді аудандық СҚО КПФ директоры Руслан Аитов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер