astana-view

Әзербайжан – Қазақстан: өндірушіден тұтынушыға – делдалсыз

2016 жылғы 27 Маусым
- Маңғыстау облысы
10785 просмотров

Ақтауда Әзербайжан бизнесмендерінің делегациясы маңғыстаулық кәсіпкерлермен кездесті

Кездесуде бауырлас елдердің іскер қауымы арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

«Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағындағы «Азерсун» көлік-логистикалық орталығына барған Әзербайжан Республикасының 80-ге тарта бизнес-қоғамдастық өкілі Маңғыстау облысы әкімдігінде аймақ басшысы Алик Айдарбаев, сонымен бірге өңірлік Кәсіпкерлер палатасы директорының міндетін атқарушы Олжас Қаржауов, «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басшысы Ибрагим Тағашев және өңір кәсіпкерлерімен кездесті.

Әзербайжан экспорт пен инвестицияларды көтермелеу қорының вице-президенті Юсиф Абдуллаев аталған кездесуді ұйымдастырғаны үшін облыс әкіміне алғысын білдіре келе, Әзербайжан және Қазақстан кәсіпкерлері мен инвесторлары арасындағы іскерлік байланыстардың дамуы «күннен-күнге сенімді түрде тәжірибелік сипатқа ие болуда» екенін атап айтты.  Әзербайжан бизнесмендеріне арнап сөз сөйлеген Олжас Қаржауов кездесу қорытындылары бойынша жергілікті тұтынушылар Әзербайжаннан шығатын сапалы азық-түлік өнімдерін қолжетімді сомамен алу мүмкіндігіне ие болады, ал Әзербайжан кәсіпкерлері көкөністер мен жемістер өткізетін жаңа нарықтар ашуға мүмкіндік алады деген ойын жеткізді.

«Бүгінгі күні Әзербайжан азық-түлік өнімдерінің салыстырмалы қымбаттылығының басты себебі делдалдардың көптігі болып отыр, осы себептен өндіруші бағасы мен маңғыстаулық тұтынушы арасындағы айырмашылық айтарлықтай көп. Сондықтан өткізу нарығын іздестіру кезінде Әзербайжан компанияларын Палатаға делдардарсыз тікелей жүгінуді сұраймыз», – деп атап өтті О.Каржауов. 

Ол, сонымен бірге, шетелдік қонақтарды Кәсіпкерлер палатасы әзербайжан бизнесмендерінің Маңғыстау облысы аумағында табысты жұмыс жасауына барлық қажетті жағдайлар жасау жөнінде қолдан келгенше жұмыс жасайтынына сендірді.

Кездесу аяқталған соң екі ел бизнесмендері байланыс нөмірлерімен алмасты. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер