astana-view

Ауылдағылардың табысын арттыру амалдары

2016 жылғы 28 Маусым
8073 просмотров

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде өңдеуші кәсіпорындарды шикізатпен қамту үшін қосалқы шаруашылықтардың көмегін пайдалану ұсынылды

Ауыл тұрғындарын тиімді жұмыспен қамту, жеке қосалқы шаруашылық әлеуетін өнеркәсіп кешені өнімдерін өндіру көлемін арттыруға пайдалану және азық-түлік қауіпсіздігі – осы тақырып бүгін Үкімет отырысында талқыланды.

Премьер-министрдің орынбасары – ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберіндегі қаражатты ауылшаруашылық кооперативтерін құруға бағыттауды ұсынды. Солардың базасында сүт қабылдау бөлімдері мен малдарға жем беретін алаңдар ашу ұсынылуда.

«80%-ға дейінгі сүт жеке үй-жайларда өндіріледі. Сүт зауыттарының жүктемесі 60%-ға дейін, егер оларды өндірістік қуаттылыққа дейін толтыратын болса, онда қосымша 680 мың тонна сүт өңдеуге болады», – деп атап өтті министр Үкіметтің сейсенбі күнгі отырыснда.

Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мұның өте маңызды мәселе екенін атап өтті. «Бізде индустрияландыру бойынша зауыттың салынып қана қоймай, жұмыс істегені де маңызды. Меніңше, сіздің ұсынысыңыз әрекет етуші кәсіпорындарды толтыруға мүмкіндік береді», – деді К.Мәсімов.

Ауыл шаруашылығы министрінің мәліметтері бойынша, Қазақстанда 152 сүт өңдейтін кәсіпорын бар, оның 93-і сүтті жеке қосалқы шаруашылықтардан сатып алуға келісім беріп отыр. Ауыл шаруашылық кооперативтер желісін құру тақырыбын жалғастыра отырып, А.Мырзахметов мұның 3 жылдың ішінде қосалқы шаруашылықтағы 160 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Олар сүт өткізуден тұрақты түрде табыс тауып отырады. Сүт зауыттарының қуаттылығын толтыру 64%-дан 84%-ға дейін өсуі мүмкін, ол өңделген өнім өндірісін 30%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Ауыл шаруашылығы министрлігінде ауыл тұрғындарын ауылшаруашылық кооперативтеріне қатысу үшін жеке кәсіпкер ретінде тіркеу мүмкіндіктеріне қатысты мәселелердің талқыланғандығын да атап өтті.

«Жеке қосалқы шаруашылықты мүмкіндігінше ЖК-ға түрлендіру. Неліктен мүмкіндігінше, егер қандай да бір жеке шаруа сүт өткізетін болса, оның ЖК-ға түрленгені дұрыс болмайды, түсінікті, өйткені бұл жай ғана сүт өткізу», – деп түсіндірді министр.

«Етке, отбасылық мал жемдейтін алаңдарға келер болсақ, онда біз шарттар қоя аламыз, өйткені ол (ауыл тұрғыны – ред.) міндетті түрде ЖК-ға түрлену үшін несие алады», – деді министр.

Отбасылық мал жемдейтін алаңдар бойынша 32 мың осындай нысан салу жоспарланған. Ауыл шаруашылығы министрлігінің есептеулеріне сәйкес, олар 100 мың тоннадай сиыр етін өндіріп, 65 мың тұрақты жұмыс істеп тұратын жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Өңдеуші кәсіпорындардың жүктемесі мейлінше артуы мүмкін.

Жанар Сердалина


Еншілес ұйымдар

Серіктестер