astana-view

Мемлекеттік орган заң бұзса...

2016 жылғы 29 Маусым
- Жетісу облысы
6862 просмотров

Жұмыс тобы нысаналы мақсаты кәсіпкерлік қызмет болып өзгертілген барлық жер телімдеріне тексеріс жүргізуі тиіс

Алматы облысы кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі Кеңестің кезекті отырысында осындай ұсыныс айтылды. Шара модераторы, Кеңес төрағасы Баниямин Файзуллин күн тәртібімен және өзекті мәселелермен таныстырды. Отырыс барысында жер телімдерінің мақсатты тағайындалуы, аяқ судың берілуі, жылжымайтын мүлікті еркін иелену мен пайдалану құқықтарының сақталмауы, табиғи монополия мен реттелмелі нарық саласындағы тәртіп бұзушылық мәселелері талқыланды. 

Кеңес хатшысы, Кәсіпкерлер палатасының құқықтық мәселе бойынша директорының орынбасары  Қанат Қабдиев қатысушылардың назарын кәсіпкер Анфиза Қазақбаеваның мәселесіне аударды. Ол Палатаға мүлікті заңдастырудан бас тартқан Іле ауданы әкімдігімен дауға қатысты білікті тұжырымдама жасауға өтініш білдірген. Анықталғандай, 2008 жылы сату-сатып алу келісімшарты бойынша ол үшінші жақтардан өндірістік базаларға қызмет көрсету мақсатына арнап жер телімін сатып алған. Заңдастыру бойынша комиссияға жолдау кезінде оның өтініші телімді мақсатсыз пайдалануына байланысты қабылданбаған.

«Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 44 бабының 7 тармағына сәйкес шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін қызмет түріне тәуелсіз құрылысқа арналған жер телімінің мақсатты тағайындалуы ғимаратқа (құрылыстар мен құрылымдарға) қызмет көрсету болып белгіленген. Жер заңнамасының бұл мөлшерінің сақталмауы кәсіпкерлердің өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалану құқығын бұзуынға әкеледі. 2015 жылғы 13 қарашасы күнгі тексеріс нәтижесі бойынша облыс әкімдігіне 2014-2015 жылдар бойынша аудандар мен ауылдық округтердегі нысаналы мақсаты кәсіпкерлік қызмет болып өзгертілген барлық берілген жер телімдеріне тексеріс жүргізу ұсынысы енгізілген.  Бірақ бүгінгі күнге дейін ұсыныс орындалмаған», – деп айтып өтті Қ.Қабдиев.

Осыған байланысты Кеңес мүшелері 2014-2016 жылдар бойынша аудандар мен ауылдық округтердегі нысаналы мақсаты кәсіпкерлік қызмет болып өзгертілген барлық жер телімдеріне тексеріс жүргізетін жұмыс тобын құрып, оған Палата өкілдерін қосуды ұсынды. Сонымен қоса прокуратура заңдастыру бойынша комиссия шешімдерінің заңдылығын тексереді.

Суару суын беру төңірегіндегі даулар мәжіліске қатысушылардың қызу пікірталасын тудырды. ӨКП кәсіпкерлердің құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту жөніндегі бөлім сарапшысы Рахым Жанысов ирригация және суару жүйелерінің қанағаттанарлықсыз жағдайы кәсіпкерлерге шығын әкелетінін және аймақтың әлеуметтік шиеленісін тудыратынын атап айтты.

«Алматы облысының ирригация және суару жүйелері «Қазсушаруашылығы» мемлекеттік кәсіпорынының қарамағында, ал ол өз кезегінде суару суын жеткізу қызметін жақсартуды қарастырылған шығындардың барлығын жабуға қажет, ақыр аяғында кәсіпорынға кәсіпкерлерге дер кезінде және сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін тарифті көтеру деп біледі. Дегенмен, мәселенің әлеуметтік маңыздылығын ескермей, суаруды тарифті көтеру негізінде беру арқылы тікелей табыс табу аудан ауыл шаруашылық өндірушілері арасындағы әлеуметтік шиеленіске, сонымен қоса өндіріс көлемінің қысқаруына әрі ауыл шаруашылық азық-түліктің бағасының өсуіне әкеулі мүмкін», – деген ойды қосты сарапшы.

Сондай, мәліметтер бойынша Көксу ауданында аяқ судың 1 м3  үшін құны 0,52 теңгені құрайды, Ескелді ауданында – 0,18 тенге. Суару суының қайнары Көксу өзені және канал бойынша жеткізу шығындары да бірдей бола тұрса да. Ал Талғар ауданында су беру каналдар мен арықтар арқылы жүзеге асырылады, ондағы тариф 1 м3 үшін 0,78 теңгені құрайды.

«Бір ауылдық округтың ауыл шаруашылық өндірушілері 1м3 суару суын механикалық су көтергіш арқылы бергені үшін әр түрлі тарифтер бекіткен фактілері бар. Мысалы, Қапшағай қаласы Шеңгелді ауылдық округта «Бастау» ЖШС 1м3 аяқ су үшін 8,17 теңге төлейді, «Көксу» ЖШС – 8,72 теңге, «Жеміссушаруашылығы» – 12,86 теңге. Су пайдалануға қатысты осыған ұқсас жағдайлар Алматы облысының өзге де аудандарында бар», – деген сандарды келтірді Р.Жанысов.

Сонымен қоса кәсіпкерлер суды дер кезінде жеткізілуіне шағымдарын білдірді.

«Біз тіпті 7 центнер де ала алмаймыз. Себебі су жоқ. Менің былтыр 100 га жерім жанып кетті. Суару жүйесін 3-4 жыл бойы жөндейді, бірақ су сол күйі жоқ. Былтыр 17 күн су болған жоқ! Ешкім мәселені шеше алмайды. Біз тіпті телімдерімізді 50% алдын-ала төлеп қойған ақылы сумен де суара алмаймыз», – деп ашуланды Николай Брусенский. Кәсіпкерді тыңдаған «Қазсушаруашылығы» облыстық филиалының директоры Сейілхан Мұхамадиев аймақтағы мәселенің басын ашып, оны шешуге уәде берді. Баниямин Файзуллин бұл мәселенің Кеңестің ерекше бақылауында болатынын, мәселенің шешілмеген жағдайында қатаң шаралар қолданылатынын ескертті.

«Мен мемлекеттік органдарға су пайдалану және тариф белгілеу саласында, су пайдаланушылардың пікірін ескере отырып, біркелкі және келісілген саясатты әзірлеуді ұсынамын. Алматы облысы бойынша аяқ суға қойылған тарифтерді түбегейлі қайта қарастыру қажет. Мемлекеттік органдар су пайдаланудың ирригация жүйелерінің техникалық жағдайы мен мазмұны бойынша ағымдағы мәселені шешу үшін тиісті шара қолдануы керек, өйткені бұл мәселе бірнеше жыл бойы өз шешімін таппауда», – деп атап өтті Кеңес басшысы.

Бұл ұсыныс бірауыздан қабылданды. Сонымен қоса, облыс прокуратурасы суару суын беру қызметі үшін келісімшарт бойынша 50% көлемінде алдын-ала төлем талап етудің негізділігі мен заңдылығына құқықтық бағасын береді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер