astana-view

Несие комитетінің оң ұйғарымы

2016 жылғы 30 Маусым
- Жетісу облысы
7167 просмотров

57 кәсіпкер жеңіл несие алады

Алматы облысында микронесиелеудің жаңа бағдарламасы қарқынды жұмыс істеуде. Несие комитетінің кезекті мәжілісінде 193 млн 200 мың теңге   сомасындағы 57  өтінім мақұлданды. Ақсу, Алакөл, Қаратал, Көксу, Сарқант, Ескелді, Кербұлақ, Жамбыл, Талғар аудандары мен Қапшағай қаласы кәсіпкерлерінің жобалары қаралды.  Несие комитетінің хатшысы, Кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлікті қаржылық емес қолдау бөлімінің басшысы Ерлан Датқаевтың сөзіне қарағанда, мақұлданған өтінімдердің көпшілігі қызылша өсіретін шаруа қожалықтарына тиесілі.

«Қант қызылшасын өсіретін кәсіпкерлермен бірге мал шаруашылығын дамыту,  қолданбалы сән өнері өндірісі, пияз өсіретін, қонақ үй кешенін қайта құру жөніндегі жобалар да мақұлданғанын атап өткіміз келеді. Қазіргі уақытта хаттамалар Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау  қорына берілді, жуырда кәсіпкерлер несие алады деп ойлаймыз», – дейді  Е.Датқаев. 

Несие алған борышкерлер арасында Ескелді, Кербұлақ, Ақсу, Балқаш  аудандары   қызылша өсірушілері бар.

Еске салайық, Несие комитеті сомасы 303 млн теңге болатын 84 өтінімді мақұлдады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер