astana-view

Ақшаңқай киіз үй қонақтарын күтеді

2016 жылғы 05 Шілде
- Павлодар облысы
10719 просмотров

Ауыл мектебінің бұрынғы мұғалімі киіз үй жасаумен шұғылданып, сүйікті ісін отбасылық бизнеске айналдырды

Киіз үй – әлемге көшпелілер сыйлаған тым бағзы әрі маңызды өнертабыс. Қай кезде де киіз үй қолайлы, ыңғайлы баспана болған.

Үштерек ауылыынң тұрғыны Жекебай Мақсатханды шынымен де халық шығармашылығының шебері деп атауға әбден болады. Бұрында химия және биология пәндерінің мұғалімі болған ол ұлттық мәдениеттің қайнарына бет бұрып, киіз үйді қазақ өмірінің ұлттық рәмізі ретінде жаңғыртуды мақсат етті.

Ауыл шебері ұлттық мәнерде жасалған саналуан тұрмыстық заттардың авторы болып саналады, олар бүгінде жақсы сұранысқа ие болуда және қазіргі заманғы үйлердің интерьеріне де асқан үйлесіммен қона кетеді.

Тапсырыстар саны молайған соң, шебер осы сүйікті ісін отбасылық бизнеске айналдырмақ болып шешті. Ақсу қаласындағы Кәсіпкерлер палатасы филиалының көмегімен ауыл тұрғыны «Алтын-Нұр» жеке кәсіпорнын ашты, «Бизнес-кеңесші» жобасы бойынша оқудан өтті.

Бос уақытында Жекебай Мақсатхан өлең жазады. Ол отбасымен бірге неше түрлі байқауларға қатысады, балаларының шығармашылық қабілеттерін дамытып отырады.

Ісін жаңа бастаған кәсіпкер Палата филиалының атына алғыс сөздерін айтып, бизнес-жоспар құрастыруға және гранттық қаржыландыруға өтініш беруге көмек көрсеткендеріне ризашылығын білдірді.

Халық шеберінің алға қойған жоспарлары орасан, ол «ЭКСПО-2017» қонақтарын өзінің тоғыз қанатты ақ үйінде қарсы алуды көздеп отыр. Бұл баспана киіз бен солқылдақ шыбықтан жасалған  қайталанбас айрықша келбетімен әрбір қазақстандық үшін атамекеніміздің нышаны, көшпелі халықтың ежелгі мәдениетінің көзіндей болмақ. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер