astana-view

Қызылордада бухгалтерлер клубы құрылды

2016 жылғы 07 Шілде
- Қызылорда облысы
13524 просмотров

Кәсіпкерлер бухгалтерлік қызметтің қыр-сырын үйренді   

Қызылорда облысының Кәсіпкерлер палатасы қызметінің бір бағыты кәсіпкерлерге қаржылай емес қолдау көрсету болып табылады.

Аталмыш бағыт аясында бизнес өкілдері төмендегідей қызмет түрлерін тегін ала алады: Бухгалтерлік және салықтық есепті жүргізуге, сондай-ақ статистикалық есептілікті жасауға байланысты қызметтер, Кедендік рәсімдер бойынша қызметтер, Менеджмент жүйелерін енгізу бойынша консультация беру және бүкіл процесті толық сүйемелдеу, Заң қызметтерін көрсету, Маркетинг мәселелері бойынша қызметтер, Ақпараттық технологияларға қызмет көрсету саласындағы консультациялар, Мемлекеттік сатып алулармен, ұлттық компаниялардың және жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларымен байланысты көрсетілетін қызметтер, Менеджмент сұрақтары бойынша қызмет көрсету.

Биылғы жылдың жарты жылында облыс бойынша 400-ге жуық кәсіпкер бухгалтерлік және салықтық есептілікке қатысты Кәсіпкерлер палатасының тегін қызметін пайдаланған.

«Бухгалтерлік қызметке қатысты сұраныстың жоғарылығын ескере келе бүгінде Кәсіпкерлер палатасында  бухгалтерлер клубын құрып жатырмыз. Өткен аптада бастамашыл топ бас қосты. Бухгалтерлер осы саладағы жаңалықтармен, тың өзгерістермен бір-бірімен бөлісіп отырмақшы. Кәсіпкерлер палатасы өз тарапынан кездесулерге салаға жауапты тиісті мемлекеттік орган өкілдерін шақырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізу шараларын ұйымдастыратын болады. Клуб жұмысы ерікті түрде, еркін форматта жүргізіледі. Қатысамын деушілерге есігіміз ашық», – дейді Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов.

Келесі отырыс 16 шілдеге жоспарланып отыр. Аталмыш отырыста қосымша құн салығы мен корпоративтік табыс салығы талқыланады деп жоспарлануда. Ол үшін жауапты мемлекеттік орган өкілдері қатысатын болады.

Сұрақтар туындаған жағдайда Палата қызметкері Гүлдана Таңатоваға хабарласуға болады. Байланыс құралдары: 8 /7242/ 40-09-81 (ішкі 4311), g.tanatova@palata.kz.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер