astana-view

Батыл әрі белсенді іскер әйелдер

2016 жылғы 11 Шілде
- Солтүстік Қазақстан облысы
11178 просмотров

Тимирязев ауданында «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы негізінен жергілікті іскер әйелдердің күшімен жүзеге асып жатыр

Кәсіпкерлер палатасының филиалы бизнес-жоспары бар бес құжатты іскер ханымдарға арнап әзірледі. Олар «ЖҚЖК – 2020» бағдарламасының алғашқы қатысушылары.

Кәсіпкер Галина Адоменене асхананы жаңартуға несие алды. Тағы үш бизнес-ханым – Людмила Соломенникова, Алиса Сыздықова, Айсұлу Иманжанова – мал шаруашылығын ашу үшін несие алады. Кәсіпкер Анна Шемкович 3 миллион теңгеге тең несие күтіп отыр. Ол техникалық қызмет көрсету бекетін ашқысы келеді. Бұрын ол халық тұтынатын заттарды, азық-түлік сатумен айналысқан. Енді ер азаматтар ғана жүргізе алады деген саладан өз бизнесін ашуды құп көріп отыр. Шемковичтің штатында екі автослесарь мен екі автомеханик бар. КПФ сарапшылары бизнес-жоспар құруға көмектесті, енді кәсіпті жүргізу бойынша туындап отыратын түрлі сұрақтары бойынша кеңес беріп жүр.

«Мақұлданған жобалардың сомасы жалпы алғанда 9 миллион теңгені құрайды. Іскер әйелдер жеке кәсібін де, ортақ кәсіпті де батыл түрде ашып жатыр. Қандай сала екендігіне де қарамайды. Алып кетеріне сенеді. Ауданымызда аз күнде «Болашақ СК» өндірістік кооперативі құрылды, оның басшысы Динара Құртаева есімді іскер ханым. СҚО КП филиалы кооператив бойынша құрылтайшылық құжаттарды түгелдей әзірледі, электронды үкімет порталы арқылы тіркеді. Бұл Тимирязев ауданында ашылып отырған бірінші ауылшаруашылық кооперативі. Бір сөзбен айтқанда, әйелдердің бастамалары тамаша!» – деп атап өтті СҚО КП Тимирязев аудандық филиалының директоры Александр Гурьянов. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер