astana-view

Халықаралық деңгейде мойындалды

2016 жылғы 11 Шілде
7425 просмотров

Қазақстандық бұзылмайтын бақылау және техникалық диагностика қауымдастығы Халықаралық бұзылмайтын бақылау ұйымында (ICNDT) мойындау рәсімінен өтті

Қазақстандық бұзылмайтын бақылау және техникалық диагностика қауымдастығы (ҚББТДҚ) дауыс беру құқығымен мүше болып саналатын Мюнхень қаласындағы ICNDT Ассамблеясында өткен Мамандарды сертификаттаудың (біліктілікті) тәуелсіз салалық жүйесінің мойындау рәсімінің нәтижелері бойынша MRA-ға қол қойылды.

Қазақстандық қауымдастық секілді Дания NDT ұлттық қоғамы да Халықаралық бақылау ұйымының мойындау рәсімінен өтті.

Бұл мойындауға қол жеткізу үшін Қазақстандық бұзылмайтын бақылау және техникалық диагностика қауымдастығы мүшелері, кәсіби қызметтер саласында шағын және орта бизнес өкілдері 6 жыл бойы талмай еңбек етті. Жұмыла күш біріктіру арқылы Қазақстандық бұзылмайтын бақылау және техникалық диагностика қауымдастығы өз базасында «Бұзылмайтын бақылау және техникалық диагностика» №76 Техникалық комитетін құра алды және Қазақстан Республикасында салалық стандарттардың бастапқы тізімін жасап шығарды (үйлестірді). Комитет «Бұзылмайтын бақылау» ХТК 515 және «Бұзылмайтын бақылау» ТК 135 ISO қатысушысы болып саналады.

ҚББТДҚ өкілдері ICNDT және EFNDT жұмыс топтарына кіреді және ТК 135 ISO комитетішілік отырыстарына қатысады.

Қазақстандық бұзылмайтын бақылау мен техникалық диагностика қауымдастығы Ресей, Украина, Беларусь бұзылмайтын бақылау және техникалық диагностикалау қоғамдарының, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан және Грузияның ұлттық қоғамдарының серіктесі саналады. Бұл кооперация NDT саласына маманданған бизнес-құрылымдардың біздің елдер аумағында кадрлық, рұқсат беру және технологиялық мәселелерді шешуде көмек беруіне мүмкіндік береді.

NDT жабдықтары мен технологияларын өндіру жөніндегі GE және OLYMPUS секілді әлемдік көшбасшылармен бірлесе отырып, Қазақстандық бұзылайтын бақылау және техникалық диагностика қауымдастығы 2015-2016 жылдары өз мүшелеріне арнап Advanced NDT жаңа технологиялар саласында мамандарды даярлау бағдарламаларын тегін түрде ұйымдастырды. Осы уақытқа дейін мұндай біліктілікке ие мамандарды Қазақстанда тек шетел компанияларынан кезіктіруге болатын еді.

Iteca компаниясымен бірге Қазақстандық бұзылмайтын бақылау мен техникалық диагностика қауымдастығы NDT Kazakhstan жыл сайынғы халықаралық көрмесін өткізеді, оған шетел өндірушілері шетел шараларына қатысуға мүмкіндігі жоқ қазақстандық компанияларға арнап NDT саласындағы жаңа технологиялар мен жабдықтар әкеледі. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер