astana-view

Кеңес мүшелері аудандарды аралайды

2016 жылғы 12 Шілде
- Жетісу облысы
9056 просмотров

Кәсіпкерлердің аудандық кеңестері қызметінің артықшылықтары туралы айтылады 

Кәсіпкерлер палатасы дирекциясы 13 шілдеден бастап аудандар бойынша жұмыс сапарын бастайды. Кәсіпкерлердің аудандық кеңесі қызметін таныстыру бұл сапардың  негізгі мақсаты болмақ. Сарапшылар Кеңес жайлы ереже жасады. Жаңа орган Кәсіпкерлер палатасы филиалының бақылаушы органы болуға уәкілетті. Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және әкімшілік кедергіні азайту бөлімінің бастығы Әділет Сұлтанбектің сөздеріне қарағанда, аудандық кеңестер аудандағы жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамытуда өңірлік палатаның филиалына жәрдемдесетін болады.

«Кеңес мүшелері Кеңес жанында тұрақты жұмыс істейтін және уақытша жұмыс комиссияларын құрады. Бұл бастама кәсіпкерлердің қоғамдық белсенділігін және олардың заңнамалық негізі мен басқадай құжаттарын жетілдіреді. Өңірлік палатаның филиалы Кеңес мүшелерінің қызметіне мониторинг жасайды»,– деп атап айтты Ә.Сұлтанбек.

Сонымен қатар филиал директорының жартыжылдық есебі күн тәртібінде тұр. Жергілікті филиал басшысына атқарған жұмыс жайлы есеп беруіне, кәсіпкерлік қауымдастық және жергілікті атқарушы органдар алдында түйткіл мәселелерді анықтауына мүмкіндік туады. Ақсу ауданы филиалы алғашқылардың бірі болып есеп береді. Дирекцияның жұмыс сапары өңірлік Іскер әйелдер форумына тап келді. Іс-шара аясында «Табыскер әйел келбеті» атты әйелдер көрмесі, жеке кеңестер ұйымдастырылады, Аудандық кеңес жайлы ереже таныстырылады.

Жұмыс сапары шеңберінде ауданда құрылған ауыл шаруашылығы кооперативтері өкілдерімен кездесулер өткізу жоспарлануда. Облыста мұндай 20 кооператив бар. Кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік картасына кірген кәсіпорындар да қалыс қалмайды. Палата директоры Ләззат Шыңғысбаева жоба басшыларымен кездесулер өткізіп, келелі мәселелерді талқылауды, кәсіпкерлердің ой-пікірлерін, ұсыныстарын білуді жоспарлауда. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер