astana-view

Бизнеске жайлы жағдай жасалса...

2016 жылғы 13 Шілде
- Павлодар облысы
15261 просмотров

Павлодарлық бизнесмендердің бүгінгі тыныс-тіршілігі қандай?

Бұл мәселе Қазақстанның бизнес-омбудсмені Болат Палымбетовтің өңір бизнесмендерімен кездесуі барысында айрықша өзекті болды.

«2015 жылдың қорытындысы бойынша «Іскерлік климат» рейтингінде Павлодар облысы 4-орында», – деп хабарлады «Атамекен» ҰКП Қоғамдық бақылау және әкімшілік кедергілермен жұмыс департаментінің директоры Ербол Өстеміров.

Өңірдегі кәсіпкерліктің дамуына арналған жағдайдың қолайлылығын зерттеу, бизнес-ортаны бағалау Дүниежүзілік банктің, Америка Банкінің, Ұлыбритания Үкіметінің, Эрнст Янг, Financialtimes секілді белгілі компаниялардың әлемде мойындалған әдістерін пайдалану арқылы жүргізілді.

Бизнес-жағдайдың жайлылық деңгейіне кәсіпкерлердің өздері де баға бергені маңызды болып отыр.

Ербол Өстеміровтің айтуынша, павлодарлық кәсіпкерлер тарапынан келіп түскен шағымдар бойынша салықтық әкімшілеу мәселелері бірінші орында тұр. Сонымен бірге, кәсіпкерлер сәулет және қала құрылысына (30%) қатысты көптеген мәселелерге тап болады екен. Сонымен бірге, ТЖ органдарының да аты аталды (25,7%).

Кәсіпкерліктің дамуына тосқауыл болатын әкімшілік кедергілерді анықтау және жою Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі өкілдің жаңа құрылған институты қызметінің негізгі бағыттарының бірі саналады.

«Тұтас алғанда, бизнес-омбудсмен аппараты бизнес алдындағы әкімшілік кедергілерді анықтау мен азайту жөнінде жемісті және жүйелі жұмыс жасауда. Осы бағыттағы кез-келген бастамалар қолдау тауып, толық қаралады», – деді Ербол Өстеміров. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер