astana-view

«Carmel» бізге көмектеседі

2016 жылғы 13 Шілде
8145 просмотров

Отандық туроператорлар танымал америкалық көлік компаниясының өкілдерімен кездеседі

Мұндай келісім «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаевтың АҚШ-қа іссапары кезінде қол жеткізілді. Ол Қазақстанмен серіктес болғысы келетін америкалық компанияларды біздің елде кездесуге шақырған еді.

Америкалық «Carmel» компаниясы көліктік қызмет көрсетеді, туристерге қызмет көрсету саласын қамтиды. Туристерге такси ретінде, көрнекті жерлерді аралату секілді толық кешенді қызмет ұсынады. Бұл компания әлем елдерінің 188 қаласынан филиал ашқан.

Биылғы қаңтар айында «Carmel» компаниясының басшысы Авик Кабесса ҰКП бастамасымен Қазақстанға  елорданың инфрақұрылымымен танысу мақсатында келіп кеткен еді. Жеке адам таситын отандық компаниямен және астаналық теміржол өкілдерімен кездескен.

ҰКП-ғы қаңтардағы америкалық және қазақстандық кәсіпкерлер кездесуі барысында «Carmel» 2017 жылы ЭКСПО-ның өтуіне байланысты Астана нарығына шығуға ниетті екенін білдірді.

«Carmel» компаниясының Қазақстан нарығын бағалау сапары текке кетпеді. Жуырда Астанаға «Carmel» компаниясының басшысы Авик Кабесса тағы келеді. «Carmel» қазақстандық туристік қызмет көрсетушілерді әлемдік атақты Expedia.com, Kayak, Orbitz, Hotwire, Travelocity және т.б. сайттарына шығарып, америкалық нарыққа аяқ басуына көмектеспекші.

Осыған байланысты «Атамекен» ҚР ҰКП алаңында 19 шілде күні отандық туроператорлар «Carmel» компаниясы өкілдерімен кеңейтілген кездесу өткізеді.

Осы шараға қатысқысы келетін кәсіпкерлер Шағын және орта кәсіпкерлік департаментіне қоңырау соғып, хабар алуына болады: +7 (7172) 91 93 52.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер