astana-view

Бал жинаушылардың жағдайы балдай емес

2016 жылғы 14 Шілде
- Жетісу облысы
7744 просмотров

Омарташы-кәсіпкерлер орманды пайдаланғаны үшін төленетін төлемақы мөлшерлемесімен келіспей отыр

Алматы облысының омарташы-кәсіпкерлер қауымдастығы – бизнестің өзекті мәселелерін көтеріп отыратын белсенді қоғамдық ұйымдардың бірі. Бұл жолы қауымдастық мүшелері Палатаға Алматы облыстық мәслихатының шешіміне енгізілген «Алматы облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орманды пайдаланғаны үшін төленетін төлемақы мөлшерлемесін бекіту туралы» жобасын зерделеп, зерттеуге өтініш білдіріп отыр. Олар нормативті-құқықтық актіде бірқатар ескертпелерді анықтаған әрі шенеуніктердің тұжырымдарымен келіспей отыр.

«48 тармаққа сәйкес, орманды ұзақ мерзімді пайдаланған жағдайда, төлем пайдаланылған алаңның 1 гектарына алынады. Соған сәйкес, ара өсіруші орман өсіруге кететін шығынның орнын толтыру үшін омарталар мен ара ұяларын орналастыруға қолданылған алаңға төлем төлейді. Ара ұялары мен омарталарды орналастыру орманды пайдаланудың қысқа мерзімді түріне кіретін қосымша орман пайдалануға жатады.  Осы тармаққа сәйкес, орманды қысқа мерзімді пайдаланғанға алынатын төлем ставкасы сол жерде болған әр күн үшін теңгемен есептеледі. Сонда, шаруашылықтың көшпелі түрімен айналысатын ара өсіруші орман билетін жазғызып алып, сол жерде болған әр күні үшін төлем төлейді. Ал жекеменшігінде тұрақты омартасы бар ара өсіруші орманды ұзақ мерзімді пайдалану түріне жатқызылып, пайдаланған алаң үшін ставка төлейді», – деп атап өтті қауымдастық төрағасы Болат Айтбаев.

Сондай-ақ, оның айтуынша, ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді орман пайдалану арасындағы, шаруашылығында тұрақты омартаны пайдаланатын омарташы мен көшпелі ара павильонын пайдаланатын омарташы арасындағы, ара ұялары мен омарталар, ара тұқымдары арасындағы айырмашылықтар есепке алынбаған екен.

«Төлем ставкасы  тұтас біріктірілген, төлем де біреу –  ара ұялары үшін, яғни ара ұясын асырауға арналған тұраққа арналған. Неге омарта үшін емес? Төлем ставкалары ара ұяларын орналастыру үшін ғана емес, омарталар үшін де бекітіледі емес пе? Есеп айырысу дұрыс жүргізілмегендігін айтуға мәжбүрмін. Біріншіден, бір ғана ара ұясын орналастыру бағасы Салық кодексіне қайшы. Ал ара ұялары мен омарталарды орналастыру үшін орманды ұзақ мерзімді пайдалануға табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы ара өсірушілермен тендерлер өткізуге шарт жасасқан. Алайда есеп айырысу дұрыс емес», – дейді кәсіпкер.

Оның айтуынша, есеп айырысу пайдаланған алаңға қарай жүргізілуі тиіс. Алайда бал арасының санына қарай жүргізуге болмайды. Егер төлем ара ұясының әр талына қарай алынатын болса, онда әр араны да малдың әр басын санағандай санау керек.

Айтбаевтың дәйектемелеріне табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы орман шаруашылығы бөлімінің бастығы Тимур Тәжібаев нормативті-құқықтық актіден ешқандай қатаң құқықбұзушылықты көріп тұрмағанын, алайда оның ұсыныстарын қарап шығуға дайын екенін айтты.

Алматы облыстық омарташы кәсіпкерлер қауымдастығының төрағасы Болат Айтбаевтың пікірінше, ара өсірушілер шаруашылығына қолдау көрсетіп, оны одан әрі дамыту үшін, ара ұялары мен ормарталарды орналастыру үшін орманды пайдалануға 0 теңге түріндегі төлем мөлшерлемесін бекіту қажет.

ӨКП мамандары екі жақтың пікірін тыңдап, Қауымдастықпен бірлесе отырып, облыс прокуратурасына осы мәселе бойынша өз көзқарастарын жеткізетін болды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер